Елорда

Аrt Sport бағдарламасы: елордада спорт үйірмелеріне баратын балалар саны артады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Аrt Sport бағдарламасы негізінде спорт үйірмелеріне баратын балалар санын арттыру бойынша жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі.

Елорданың дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, қалада Art Sport бағдарламасы жұмысын тоқтатпаған.

«Былтыр аталған бағдарлама бойынша 20 мың бала спорт үйірмелеріне қатысты. Биыл үйірмелерге баратын балалар саны артқан. Жобаға 45 мыңға жуық ваучер тіркелді. Оның ішінде 30 мың ваучер іске қосылды. Спорт басқармасы қыркүйекте Art Sport бағдарламасына 5,2 млрд теңге жұмсады», – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ департамент қызметкерлері балалар спортын дамытуға қомақты қаржы бөлініп отырғанын, спорт үйірмелеріне баратын балалар саны артатынын атап өтті.

Фото: azattyq-ruhy.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.