Елорда

Бүгін президент сайлауына кандидаттарды тіркеу аяқталады

Бүгін сағат 18:00-де Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну аяқталады, деп newsroom.kz хабарлайды.

Кезектен тыс Президент сайлауының алғашқы кезеңі 23 қыркүйекте басталған еді. Содан бері республикалық қоғамдық бірлестіктерден елдің Орталық сайлау комиссиясына 8 адам ұсынылып, құжаттарын тапсырды. Президент лауазымына кандидаттарды ұсыну саяси науқан белгіленген күннің ертесіне басталды.

Заң бойынша осы елде туған, 40 жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін білетін әрі соңғы 15 жыл осы елде тұрған Қазақстан азаматы ғана үміткер бола алады. Оны белгілі бір қоғамдық бірлестік ұсынуы тиіс.

Сонымен барлығы 8 үміткер тіркелді. Бүгін соңғы болып Салтанат Тұрсынбекованың кандидатурасы ұсынылды.

Ал, бүгін лингвистикалық комиссия бұқаралық ақпарат құрал өкілдеріне арнап баспасөз мәслихатын өткізеді.

Айта кетейік, елімізде 20 қарашада кезектен тыс Президент сайлауы өтеді.

Фото: Түркістан облысының Өңірілік коммуникациялар қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.