Елорда

Нұрлан Әуесбаев Астана қаласының сайлаушыларымен кездесті

Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қаншалықты нәтижелі атқарылып жатқанын нақты айту қиын. Мемлекет қаржысына қол сұққан шенеуніктердің темір торға қамалуы мәселенің шешіліп жатқанын аңғартпаса керек. Проблеманың себеп-салдарымен күресу маңызды.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаев Астана қаласында өткен сайлаушылармен кездесуде айтты.

Оның пікірінше, мемлекет алдында тұрған басты мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету. Ол үшін бірқатар саяси реформаны жүзеге асыру керек. Реформалардың бірі бюджет процедураларын жетілдірумен айқындалады. Әр елді мекенде өзіне тиесілі ашық бюджет жасақталып, нақты уақыт режімінде онлайн түрде мемлекет қаржысының қалай және қайда жұмсалып жатқандығы ашық көрсетіліп отыруы керек. Сондай-ақ кандидат орталық және жергілікті атқару органдарында барлық деңгейдегі депутаттар мен шенеуніктердің кіріс-шығысы туралы міндетті жария декларацияны шұғыл түрде енгізу қажет деп санайды.

Сонымен қатар Нұрлан Әуесбаев заңсыз баюға қатысты қылмыстық жауапкершілікті қатаңдатуды ұсынды. «Парақорлармен нәтижелі күрестің жалғыз жолы – осы», дейді ол.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.