Дін

Құдайды тыңдамаған адам мүфтиді тыңдай ма?

1
(2)

Бас мүфти кәсіпкерлер мен саудагерлерден Құрбан айт қарсаңында мал бағасын өсірмеуді сұрады. Бірақ оны тыңдайтын қазақ бар ма?! – деп жазады белгілі журналист Серғали Балажан өзінің фейсбук парақшасында.

Себебі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан айт қарсаңында кәсіпкерлерге үндеу жасаған.

Бас мүфти Құрбан айтта орындалатын негізгі ізгі амалдың бірі – құрбан шалу екенін атап өткен. Сол себепті айт күндері халық тарапынан мал сатып алуға сұраныс артады.

«Осы ретте еліміздегі барша шаруа қожалықтарының қожайындарын ұлық мейрам – Құрбан айттың құрметіне мал құнын шарықтатпай, халыққа оңтайлы бағаны ұсынуға шақырамын. Сонымен қатар, барша кәсіпкерді тұрғындар күнде тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мүмкіндігінше жеңілдік жасауға үндеймін», – деген Наурызбай қажы Тағанұлы.

Аталмыш тақырыпқа үн қосып пост жазған Серғали Балажан өз жазбасын «Құдайды тыңдамаған адамға мүфти кім?» – деп қорытындылаған. Бұл жазба әлеуметтік желіде қызу талқыланған.

Мәселен, Nurdaulet Tanirbergen есімді қолданушы «мал бағасы бөлек бір валюта емес. Бәрінің бағасы ұшып жатқан соң, қой да “них себе” дейді ғой» – деп жазған. Бұл пікірге С.Балажан «сатылатынын біледі, амал жоқ алады, содан 50 мың теңге тұратын тоқтыны 150 мыңға сатам дейді. Құлқын ғой» – деген жауап жазған.

Фото: culture.ru

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button