Дін

Тектілік қалай қалыптасады?

Тектілікті әркім өзінен бастай алады.

Кезінде бір би көпшіліктің ортасында отырған Сырым батырды сынамақ болып:

⁃ Әй, Сырым, қарадан туып хан болғаның қалай? Айырдан туып нар болғаның қалай? Жоқтан бар болғаның қалай? – деп сұрапты.

Сонда Сырым:

– Қарадан туып хан болсам, халқым қалаған шығар, айырдан туып нар болсам, атам жараған шығар, жоқтан бар болсам, Құдай қараған шығар, – деп жауап берген екен.

Сол секілді тектілік ананың сүті, атаның қанымен келеді. Тектілік отбасындағы тәрбиемен, өмірде көрген тәжірибемен қалыптасады.

Ақын Абай айтпақшы, «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» (19-қара сөз).

Сондықтан жақсы мен жаманды айырып, ізгілікке ұмтылудың өзі де тектілік деп түсінгеніміз абзал. Тектілікті әркім өзінен бастай алады. Өтірік айтпауы, сөзінде тұруы, қайырымды, өзгелерге пайдалы болуы, ешкімнің ала жібін аттамауы, басқаларға зиян тигізбеуі арқылы адам өзін, ұрпағын, ортасын тәрбиелей алады. Ізгілікке ұмтылған толқынды қалыптастырады.

mazhab.kz

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.