Дін

Пандемия кезінде сауап есігі жабылмайды – Бас мүфти

0
(0)

6 қазан Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының VII съезінің ХІХ отырысында сөз алған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы пандемия бірқатар ортақ игі іс-шаралардың өтуіне тосқауыл болса да, бұл сынақ мұсылман әлемін одан сайын біріктіре түскенін атап өтті деп жазады newsroom.kz тілшісі.

Бас мүфти әлемдік пандемиялық жағдай дін өкілдерін рухани әлсірете алмағанын алға тартып, «Пандемия уақытында мешіттер мен ғибадатханалар есігі жабылды, бірақ сауап есігі жабылмайды» деді. Сондай-ақ Наурызбай қажы сөз барысында «Біз – біргеміз, тілегіміз – ортақ» деген ниетпен әлемдік дін көшбасшыларына үндеу жолдап, жұма күні мешіттерде бір мезгілде дұға жасау рәсімі өткенін атап өтті. ҚМДБ ақпарынша, бұл үндеуге бірқатар мұсылман елдері қолдау білдіріпті.

Бас Мүфти съездің ХІХ отырысында кез келген дін халықты адамгершілік пен ізгілікке үндейтінін, дін – адамдық мектепті қалыптастыратын теңдесі жоқ тәрбие мектебі екенін тілге тиек етті. «Расында, біз бейбітсүйгіш халықпыз және әлем халқын бейбіт өмір сүруге үндейміз. Елімізде тұрақты түрде өтіп келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі осыған дәлел» деп сөзін қорытындылады Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бұдан өзге бүгін 6 қазанда Бас мүфти Сауд Арабия Корольдігі Ислам, шақыру және тәлім беру істері жөніндегі министрінің орынбасары Мұхаммед бен Абдулуахед әл-Арифимен кездесті. ҚМДБ ресми сайтының ақпарынша, кездесуде қажылыққа бару мәселесі жан-жақты талқыланған. Наурызбай қажы Тағанұлы Сауд Арабиясындағы Қажылық министрлігі қажылық сапар кезінде ҚМДБ бастамаларына қолдау көрсетіп келе жатқанын және Қазақстанда Жидда, Мәдина қалаларына тікелей чартерлік рейстердің ашылуы да қажылыққа баруға серпін бергенін атап өтті. «Бұйырса, көп ұзамай біздің де қажыларымыз қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларына барып, қажылық парызын өтейді деп сенемін» деді Бас Мүфти.

Еске салсақ, Әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының съезі Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан астанасында 2003 жылдан бері тұрақты түрде өтіп келеді. Бұған дейін съездің алты жиыны өтіп, алтыншы жиыны 2018 жылдың қазанында елордада түйінделген еді. Биылғы жетінші съезде де күн тәртібіндегі маңызды мәселелер кеңінен талқылануда.

 

Аян ЖАҚЫП

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button