Дін

Өзін пайғамбар деп жариялаған кімдер?

Мұхаммед пайғамбар дейді, пенде үшін мен пайғамбармын деп айтудың өзі ауыр күнә болатынын ескертеді.

Кейінгі кездері ел ішінде өзін пайғамбармын деп атайтындар жиі бой көрсете бастағандай. Олардың кейбірі тіпті әлеуметтік желіде өз «уағызын» жүргізіп те жатыр. Бұл туралы zamana.kz басылымы келесідей мақаласында жазады. 

Бұл адамдардың бірі белгілі діни ілімдер негізінде сөйлейді, ал енді бірінің сөздері есінен ауысқан немесе әрекетін саналы түрде әдейі істеп тұрған жанның қылығына ұқсайды. Кешегі аптада осындайлардың бірқатары әлеуметтік желіде бой көрсетті.

Мысалы, өзінің «Пайғамбар екеніне» сенімді бір азамат бұл туралы «Фейсбукте» жариялады. Айтуынша, оған мұсылмандар «Бахитолла Махди», ал христиандар «Шапағатшы» деген есімдер берген көрінеді. Ол мұсылман және христиан діндерін қосып, одан бір дін шығармақ ниетте-мыс.

Ол адамның адам болып қалыптасуына қажетті жайлар жөнінде айтады, құраннан сөздер келтіреді, діни кітаптарды талдайды. «Алладан Исламға, христианға шапағатшы ретінде Елші келеді деп анық жазылған. Ол Інжілде де айтылған, мұны адамдар түсінбеген. Христиан, Ислам адасып жүр. Дін біреу. Таурат жаратылған мен жасалған әлемнің тарихын баяндаса, Інжіл рух әлемі, әруақтар әлемі туралы, Ислам әдеп пен тәрбие, қиямет-қайым, жұмақ пен тозақ халінен хабар береді. Дінді қате түсіндіруден көп адам зардап шегуде. Енді бірігудің кезі келді. Өйткені қазақ еліне Алладан әмір алған Алла елшісі келді. Барлығыңызға құшағы ашық. Бірге болыңыздар! Біз жеңеміз, екі діннің басын қосамыз», – дейді ол.

…Сондай-ақ «Алматы» телеарнасы өзін пайғамбармын деп жүрген Хан Досаев есімді бір азаматты көрсетті. Өзінің айтуынша, ол «миллионыншы рет жаңа кейіпте өмірге келіпті», динозаврлар дәуірінде өмір сүргенмін дейді. «Пайғамбар екенімді 2011-жылы Құдаймен көріскенде білдім», – дегенді айтады.

«…Қараңғы бөлмеде жататынмын. Ұйқылы-ояу жатқанда аян келді. Құдай тұрып: «Хан, сен алғашқы Пайғамбарсың. Сен бұл дүниеге адамдардың қатесін түзету үшін келдің», – деп айтты. Бірінші Пайғамбар бұл Мұхаммед емес, Будда емес, Ийсус емес, ол Хан ата, ол – мен. Мысалы, коронавирус мәселесін менің тұқымыммен шешуге болады. Менің тұқымымды ішсе, ол коронавирустан жазылып кетуі мүмкін», – дейді ол.

Бұл азаматпен сұхбаттасқан тілші оны мешітке ертіп барған екен, ол сол жерде де өзінің «пайғамбар екенін» айтыпты.

Мұндай жандардың бұдан бұрын да еліміздің бірқатар аумақтарынан шыққаны белгілі. Мысалы, Түркістан облысының Ордабасы ауданында бір әйел кісі осыдан бірер жыл бұрын өзін мен пайғамбармын деп айтып жүрді. Түркістаннан Нұрәлі Әшірәлиев деген азаматтың шығып, өзін «Үшінші пайғамбармын» деп жариялағанын, қала әкіміне өз талаптарын қойып хат жазғанын жұрт біледі. Осыдан біраз бұрын Шымкенттен де бірер азаматтар шығып, «Құдаймен тілдестім», «Пайғамбармен сөйлестім» деп жұртты біраз елеңдеткен болатын.

Жалпы, кейінгі кездері «Алламен тілдестім», «Пайғамбармен тілдестім», «Пайғамбармын» дейтін адамдар еліміздің әр жерінен бой көрсетіп жүр. Ал мұндай жандарға байланысты дін өкілдері не дейді? Әрине, имамдар Алла тарапынан адамдарға түзу жол көрсету үшін жіберілген Елшілердің соңғысы

Мұхаммед пайғамбар дейді, пенде үшін мен пайғамбармын деп айтудың өзі ауыр күнә болатынын ескертеді.

Дегенмен өзін пайғамбармын деушілерді әзірге ештеңе тоқтата алмай тұр. Мұндайлардың кейбірі өзінің «пайғамбар екеніне» шынымен де сенетін сияқты, ал кейбірінің әрекеті тіпті де түсініксіз, бірі ақыл-есінде ақау бар жанға ұқсаса, енді бірі мұны саналы түрде, жұрттың назарына ілігу үшін ғана істеп жүргендей. Бірақ бұл адамдарға «пайғамбар болудан» келер пайда не? Олардан адамдарға, қоғамға келер пайда қайсы? Оларды не жетелеп жүр? Бүгінде тылсым дүниенің бұл да бір жұмбағы болып тұр.

Н. ЖҮНІС.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.