COVID-19 vs Qazaqstan

Танымал қазақстандық журналист коронавирустан көз жұмды

3
(1)

Алматыда танымал қазақстандық спорт журналисі Евгений Гайдамакин коронавирустан көз жұмды. Қаралы хабарды журналист Айдын Қожахмет Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды newsroom.kz ақпарат агенттігі.

«Бүгін Алматыдан қаралы хабар келді. Менің ескі досым, әріптесім Евгений Гайдамакин өмірден өтті. Біз «Караван» газетінің редакциясында, одан соң «Наш спорт» сайтында бірге жұмыс істедік. Кейін де жүмыс бабымен жиі жолығып тұратынбыз. Бұнымен қоса Алматыда жиі бірге футбол ойнайтынбыз. Біздің ортақ достарымыз мен ортақ іссапарларымыз көп болды”, – деп жазды журналист.

Тілші соңғы кездері соңғы кездері өзінің YouTube желісіндегі Sports True жобасымен айналысып жүрген.

«Ол мені бірнеше рет бағдарламасының шығарылымдарына шақырған. Мен оған футбол әлеміндегі көптеген адамдармен байланысуға жиі көмектесетінмін. Сонымен қатар оның зум-форматтағы жобаларына қарап бөлме ішіндегі блогер деп әзілдейтінмін. Ал ол қаражаттың жеткіліксіздігінен солай түсіруге мәжбүр екенін айтатын. Өзі де ылғи менімен қалжыңдасып жүретін. Менде Youtube жобамды ашқым келетінін айтқанымда «Тыңда, мен мұндай бәсекелестікке төтеп бере алмаймын” деп әзілдеп қоятын. Ал бүгін ол жоқ. Коронавирус бізден 40-қа да толмаған талантты журналисті алып кетті», – деп жазды Қожахмет.

Евгений Гайдамакиннің парақшасында қазақстандық басқа да журналистер көңіл айтып жатыр.
Жақында ғана журналистің әйелдер арасында қазақстаннан шыққан жалғыз UFC шебері Мария Агаповамен шығарылымы жарияланған болатын.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button