COVID-19 vs Qazaqstan

Ресей: Дәрігер коронавирусқа қатысты шындықты айтты

0
(0)

Ресейдегі коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны ресми статистикадан 10 есеп көп. Бұл туралы «Лидер медицины» орталығының бас дәрігері Евгений Тимаков мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап. 

Дәрігердің сөзінше, азаматтар дәрігерге қаралмайды. Тест тапсырып тексерілмейді. SARS-CoV-2 симптомсыз болады немесе жұқтырудың жеңіл формасына ауысуы да мүмкін. Сондықтан азаматтардың өз бетінше емделуі қауіпті болып отыр.

Тимаков Ресей азаматтарына ертерек дәрігерге қаралуын сұрап отыр.

«Вирус жұқтырған науқастардың дені оныншы күн деген кезде емхана келеді. Бұл ең қиын кезең. Себебі олар мамандарға, дәрігерлерге өте кеш келеді»,- дейді бас дәрігер.

Дәл осы жағдай қазір бүкіл әлемде болып жатыр. Ешкім кепілдік бере алмайды. Себебі қасыңыздағы отырған адамның вирус жұқтырған немесе жұқтырмағанын біле алмайсың.

Айта кету керек, осыған дейінгі мәлімет бойынша Ресей азаматтарының 80% вирустың алғашқы белгілері байқалса да ауруханаға бармаған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close