COVID-19 vs Qazaqstan

Вакцина қалай жасалады? Біле жүріңіз!

3.7
(18)
Вакцина екі түрлі жасалады.
#Бірінші вирусты химиялық жолмен өлтіріп,оны белгілі сұйықтықта сақтап адамға егеді. Бір тамшы вакцинада мысалы миллион өлтірілген вирус болуы мүмкін. Алайда 100% өлген болуы мүмкін емес. Өлген вирус адам ағызасына кірген кезде адам денесі оған қарсы күрес жасап,ковид-19 ға қарсы антидене жасайды.
Жаңа нанотехнологиялық әдіспен вирусты синтездеп,
Вирустың ішін алып тастап,қабығын қалдырады да, қабық ішіне залалсыз құрылыммен толтырады.
Жане осы синтезделген вирусты сұйықтықта сақтап адамға егеді.
Адам ағызасындағы қорғанысқа жауапты клеткалар әлгі вирустың сыртқы қабығына қарап «ойбай, ковид-19 келді » деп оған қарсы күрес жасап, антидене түзеді.
Міне екі түрлі вакцина осылай.
Вакцина үшін химиялық өлтірілген не синтезделген вирустың ортақ ерекшелігі олар әрі қарай көбейе алмайды. Тізбекке түсе алмайды. Қазақша айтқан кезде «піштірілген» вирус.
Ал адам жұқтыратын вирус ол көбейе алатын вирус, тізбекке түсетін.
Сондықтан адам вакцина алған кезде оның ағызасына міндетті түрде вирус кіреді.
Вакцина арқылы жұқтырса көбейе алмайтын, «піштірілген» вирус кіреді. Осы кезде де адам ағызасындағы қорғанысқа жауапты клеткалар күрес жасап,көбейе алмайтын «піштірілген» вирусқа қарсы антидене жасайды. Осы кезде адам температурасы көтерілуі мүмкін. Кәдімгі вирус жұқтырған сыяқты ауру мүмкін. Өйткені антидене вирустың көбейе алмайтын, «піштірілген» вирус екенін білмейді. Соғыс аша береді.
Ал вакцина алған адам кейін өзгелерден өлмеген,пішілмеген,көбейе алатын вирус жұқтырған кезде,
Әлгі алдында жасалған,көбейе алмайтын
«піштірілген» вирусқа қарсы күрес кезінде қалыптасқан миллиардтаған әскер- вирусқа қарсы соғысқа шығып,қысқа мерзімде жауды жеңеді.
Вакцина-жасанды жолмен адам ағызасында вирусқа қарсы «әскер» жасақтау.
Сондықтан «вакцина алған кезде адам ауырама?» демеу керек. Ауырады, ауырған сияқты болады. Алайда көбейе
алмайтын, «піштірілген» вирус болғандықтан әрі қарай асқынбай тұрып антидене жасалады.
«Вакцинадан кейін вирус жұқтыру қаупі бар ма?» деген сұрақ та ұят.
Әрине, вакцина алған соң да вирусқа кездесесің, жұқтырасың.
Алайда ол сенің ағзаңа кіре бастаған кезде сенің «антидене -әскерлерің»соғысқа дайын тұрады.
Вирусты жане одан болатын зардаптарды оңай жеңесің.
Міне вакцина деген осылай.
Ал вакцина сақтау үшін дайындалған химиялық сұйықтықтар,технология жайлы әңгіме одан да күрделі. Оны қарапайым тілімен жеткізу қиын.
Ал келесі жолы антитела, топтық иммунитет жане ковид -19 ға қарсы вакцина алғандардың қайта ауруы, вакцина алмағандардың қайта ауруы жайлы әңгіме айтып беремін 🤫😉
#репост жасасаңыздар.
Серік МҰРАТХАНҰЛЫ
клининкалық инженер

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.7 / 5. Бағалар саны: 18

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button