COVID-19 vs Qazaqstan

Коронавирусқа қатысты жаңартылған мәлімет 4 цифрға негізделеді

0
(0)

Коронавирусқа қатысты жаңартылған мәліметтер төрт цифрға негізделеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты, – деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

«Егер бірінші код бойынша бәрі анық болса, екінші жағдайда коронавирусқа бірнеше белгілер бойынша диагноз қою керек, олар: эпидемиологиялық және клиникалық белгілер. Эпидемиологиялық белгілер – пациент ауру жұқтырған адамдармен нақты байланыста болған кезде, клиникалық белгілері – дене қызуы, құрғақ жөтел.

Біз ел бойынша жиналған мәлімет 2 тамыздан бастап күнделікті ұсынып отырамыз. Мәліметтер төрт цифрға негізделеді. Бірінші көрсеткіш – коронавирус ПТР сынағымен расталған пациенттер, екіншісі – өлім жағдайлары, үшіншісі – ПТР сынамаларымен дәлелденбеген ықтимал ауырған пациенттер, төртіншісі – ПТР сынамаларымен дәлелденбеген бірақ өлім нәтижелері көрсеткен жағдайлар», – дейді ол.

Бұған дейін, Бағдат Қожахметов жаңартылған коронавирус статистикасы 2 тамызда жарияланатынын айтты. Еске сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіруді міндеттеген болатын.

Кейін коронавирус пен пневмония статистикасы біріктірілетіні анықталды. Сонымен қатар, Елімізде COVID-19 бойынша жаңа статистика 1 тамыздан бастап жүргізілетіндігі айтылды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус статистикасы жаңаша қалай жүргізілетінін түсіндірді.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close