Экономика / Бизнес

Қазақстаннан Ресейге ақша аударымы бірден 69% көбейді

Биыл қаңтар–наурыз айларында халықаралық ақша аудару жүйелері (ААЖ) арқылы шетелге жөнелтілген қаражат көлемі 182,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5% аз. Бірінші тоқсандағы көлемнің төмендеуі екінші жыл қатарынан байқалады, деп хабарлайды newsroom.kz.

Транзакциялар саны, керісінше, 28,2% өсіп, 530,2 мыңды құрады, бұл бір аударымның орташа көлемін 2022 жылғы қаңтар-наурыздағы 458,3 мың теңгеден 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 344,9 мың теңгеге дейін қысқартты.

Some Image

Қазақстаннан халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы ақша жөнелтілген елдердің ішінде ең көп көлем Түркияға тиесілі: 54,4 млрд теңге — 2022 жылдың қаңтар–наурызымен салыстырғанда 4% артық. Одан кейінгі орында Ресей тұр, оған биыл жылдың бірінші тоқсанда 48,1 млрд теңге жіберілді, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 68,9% көп.

Үздік үштікті Өзбекстан 32,3 млрд теңгемен жапты — бір жыл бұрынғыдан 15,5% аз.

ҚР-дан Грузияға (18,7 млрд теңге) және Қырғызстанға (6 млрд теңге) қомақты қаражат жіберілді. Грузияға ақша аударымы 40,3% өссе, Қырғызстанға керісінше бірден 5,5 есе азайды.

Some Image

ААЖ арасында ҚР-дан шетелге аудару көлемі бойынша «Золотая Корона» көшбасшы: 2023 жылғы қаңтар–наурызда 141,4 млрд теңге жөнелтілді, бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 2,3% өскен. Одан кейін Contact (21 млрд теңге) және Western Union (13,4 млрд теңге).

Some Image

Биыл сәуір айының қорытындысы бойынша, ақша аудару қызметінің құны бір жылда небәрі 0,2% өскен. Салыстыру үшін: бір жыл бұрын қызмет 1,3% қымбаттаған.

Some Image

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.