Блогтар мен пікірлер

Сарапшы: орман өртімен мемлекеттердің бірлесе күресуі өзекті мәселе

Жылдан жылға климат барлық жерде өзгеріп отырады және бүгінгі күні таулы аудандарда құрғақ найзағайдың өту фактілері бар, олар бұрын байқалмаған еді – деп пікір білдірді Талғат Әлиев.

Оның айтуынша табиғи өрттер, соның ішінде орман өрттері де қазір өзекті мәселе. Сондықтан да, жуырда ел Президенті Қ.Тоқаевтың Қырғызстанға сапары барысында министрлер кабинеті деңгейінде орман өрттеріне қатысты бірлеске құжатқа қол қоюы уақыт талабынан туындаған дүние.

Орман өрті – өсімдіктердің бақылаусыз жануы және өрттің орман аумағына өздігінен таралуынан болып тұрады – деген Т.Әлиев «Қазавиаорманқорғау» РМҚК бас директорының орынбасары болып қызмет атқарады.

«Ал мемлекеттердің шекаралары өтетін таулы бөлігінде, өздеріңіз білетіндей, халық онша көп емес және жетуге қиын аймақтар бар. Техника ол аймақтарда қауқарсыз, ал оттың жалыны – керісінше лапылдай түседі.

Қ.Тоқаев Қырғызстанда қазақстанды ЖОО филиалының ашылу рәсімінде (с) фото Sputnik Кыргызстан

Егер тұтанған өртті жою бойынша тиісті шаралар дер кезінде қабылданбаса, онда белгілі бір уақыт аралығында (ауа-райының жағдайына байланысты) өрт үлкен аймаққа жайылады, нәтижесінде өрт сөндіру барысы орасан зор шығындарға, әсіресе ақшалай шығындарға, алып келеді. Әрине, бұл ел экономикасы мен экологиясына да біршама зиян келтіреді» – деп пікір білдірді сарапшы.

Сондықтан табиғи өрттерді сөндірудің өзара әрекеттесуі туралы талқыланған мәселелер өте өзекті – деп өз ойын түйіндеген ол: «өрттерді алдын алу және сөндіру бойынша бірлескен тактикалық оқу-жаттығуларды, өрттердің алдын алу бойынша қажетті шараларды, уақтылы ден қоюға бағытталған шараларды, нақты іс-қимылдар алгоритмін қамтитын өзара іс-қимыл жоспарларын әзірлеу – апат салдарын және кешенді залалды барынша азайтуға мүмкіндік беретіні сөзсіз» – дейді.

«Осылайша, тәжірибе алмасу перспективалары, орындалатын жұмыстар мен міндеттер технологияларын алмасу немесе біріктіру мүмкіндіктері ашылуда. Мысалы, 2018 жылы жазда Жамбыл орман шаруашылығы мекемесінің (Жамбыл облысы) аумағында орман өрті орын алған.  Өрттің аумағы 3000 гектардан асты. Сұмдық статистика ғой!» – деген өзекті ойын жасыра алмады.

Мәселен, рельеф жетуге қиын жер бедерімен сипатталды.  Оны сөндіруге (локализациялау) алты күн қажет болды. Бірінші күні орман өртін сөндіру кезінде бір инспектор (орманшы) қаза тапты. «Қазавиалесохрана» мемлекеттік кәсіпорнының авиациялық күштері тартылды. Ми-171 тікұшағы отқа арналған 20-дан астам су шашу жұмыстарын орындады (30 тоннаға жуық су кетті). Өрт көрші мемлекеттің (Қырғыз Республикасы) аумағына ауысқан. Өртті сөндіруге 150-300-ден астам адам қатысқан еді.Қазақстанның орман қорының аумақтарымен жанасатын Қырғыз Республикасымен шекарасының ұзындығы: Алматы облысы бойынша 335 км, ал Жамбыл облысы бойынша 131 км құрайды – деген сарапшы орман өртімен бірлесе күресуге және қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға шақырды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.