Блогтар мен пікірлер

Бұл референдум кімге керек немесе белгілі журналист не айтты? (видео)

Армысыз достар. Алғашқы ютубтегі сөзімнен кейін, маған қойылған көп сауалдар жыл басындағы «Қаңтар оқиғасы»  Конституциялық реформаға қаншалықты ықпал етті деген бағытта болды.

Бес ай бұрын Әділдікті талап етіп көшеге шыққан бейбіт шерушілердің белсенді болып басында жүргендер  жастар еді. Бұл жастар «потеренное поколение» немесе жоғалған ұрпақ па? Сол туралы айтпақпын.

35 жыл бұрын 1986 жылы желтоқсанда КАзГу, екінші курс студентімін. Замандастарыммен екі күн, екі түн Брежнев алаңында болып, Қазақстанды қазақстанда туып өскен азамат басқаруы керек деп ұрандаттық. Сол наразылық шеруінің екінші күні, қазір ерекше мақтаныш ететін Асанәлі Әшімов пен Бибігүл Төлегенова бастаған бір топ белгілі кісілер біздерден бас тартып, бұлар жоғалған буын, тәртіпсіз, қатал жазалануы керек деп айыптады. Олар біздің алдымыздағы аға буын еді. Заман өтті. Біз оларды кешірдік. Өйткені Асанәлі ағамыз мен Бибігүл әпкеміз «Тілі жат, Діні жат, Ділі жат, Жат елден таяқты көп жеп жеген біздің алдымыздағы ұрпақ еді».

Сол мұз жастанып, әділетті талап еткен желтоқсандықтар қазіргі орта буын біздер үшін «кешегі Қаңтар оқиғасында көшеге шыққан жастар жоғалған ұрпақ емес. Егер олай десек, біз оларды жоғалтқан ұрпақ боламыз. Өзімшіл, менмен, халықты емес, қарақан басын ойлаған адамдар санатында тұрар едік. Олар, шын мәніндегі біз күткен ұрпақ – Тәуелсіздік ұрпақтары. Екінші республика идеясы  сол жастардың жарқын бағыты

Қаңтардағы шеру Маңғыстаудан басталды. «ГАЗ ЕЛУ» деген ұран әлі құлағымызда. Бір күннен кейін Президент Тоқаев шешімімен «ГАЗ ЕЛУ» болды. Газ елу болғанда жүрегіміз елжіреді. Еститін Үкімет бар екен ғой деп үмітімізді үкіледік. Респбуликаның барлық елді мекені дүр сілкінді. Көптен қордаланған проблемаларды айтып алдымен көшеге жастар шыға бастады. Бәрі бейбіт басталған. Бірақ… «Қаралы қаңтар» оқиғасына  дейін біз Қазақстанды «тұрақтылық аралы» деп санадық. Өз көзімізбен көріп, куә болғанымыздай жастардың қамын күйттеп, болашағына жауапкершілікпен қарамасақ, олар басқа теріс ойлы, ел тізгінін өз бағытына бұрмақ болған қара ниетті экстремистік топтың    арандатушылық ой жетегіне  еріп кететінін көрдік. Өте өкінішті. Үш қалада мемлекеттілік символы әкімдік ғимараттары өртелді.  Марқасқа әкімдеріміз кабинеттерін тастап кетті. Қала тұрғындары өздерін қылмысты топтан қорғайтын күштік құрылым сақшыларын таба алмай қалды. Өйткені олардың бастық генералдары бас сауғалап, міндеттерін атқармай жауапкершіліктен жалтарды… ОДКБ әскерін шақыруға мәжбүр болдық.

Осындай қателіктер қайталанбауы үшін үшін не істеуіміз керек? Не істеуге тиіс едік? Біз жалпы не істей аламыз? Бұл сауалдар баршамызды ойландыратыны хақ. 86 жылғы желтоқсанға оралайын. Біздер шеруге шыққандағы басты талабымыз әділдікті, Тәуелсіздік декларациямыз қабылданғанша бес жыл күттік. Қаңтар оқиғасынан кейін  міне бес ай өткенде, сол күндері жастарымыз талап еткен әділдік принциптерімен толықтырылған,  өркениетті елдер бағытындағы түзетулері Конституция баптарының үштен бір бөлігін қамтыған.

Қазақ қанында қатып қалған ұлттық код ол қашанда Әділетсіздікке көнбеу, мүлдем төзбеу. Әділдік болмаса қазақ ұзағырақ  шыдайды. Сосын атын ерттеп мініп, жұртын ілестіріп көшіп кетеді. Әлгі орысшалау генералымыздың «өкпелесең көшіп кет» дегені осы. Қайда көшесін, қайда барасың. Ел егесі Мәскеу болған отызыншы жылдары бастан өткен зұлмат жылдар, нәубет жылдар есімізде. Қазақтың үштен екісі, жалпы 4-5 миллион қандасымыз опат болды.

Бұл Референдум кімге керек? Осыған жауап іздеп көрейік? Біреулер айтады. Неге соншалықты асығып, Конституцияны өзгертіп жатырмыз деп. Заман сондай. Ырғалып жүруді күтпейді. Дүние әлем күн сайын өзгеріп жатыр. Мемлекеттігімізді тездетіп мықтап, Қаңтардағы қателіктерді жеделдетіп шешу парыз. Бұл МемБасшы Қ.Тоқаевқа артылған ел аманаты. Жаңа Қазақстан дегеніміз – заң үстемдік ететін әділетті Қазақстан!

 

Махат САДЫҚ

философия  ғылымының докторы.,

Халықаралық Телевидение және радио Академиясының академигі

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 4

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.