Блогтар мен пікірлер

Не жетпей жатыр сіздерге? Белгілі журналист жанайқайын жеткізді

Ішкі істер министрлігі әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне өзгеріс енгізбекші екен ғой. Ұсынысы 1 жылда 5 реттен артық жол ережесін бұзған адамнан айыппұлдың 50% төлеу жеңілдігін алып тастау.

Айналайын МВД, не жетпей жатыр? «Сергектің» тек жаңадан енгізілген бір функциясы бір тәулікте тек Алматыда 12 миллион теңге айыппұл жинапты ғой.

Былтыр астанадағы 6 мың камераларың 6 миллиард 750 мың теңге таза табыс түсіріпті.

«Сергектің» қаржысы бюджетке түседі депсіздер, дегенмен бұл жоба ГЧП негізінде жеке компаниямен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр екен. Ендеше, біз де біле жүрейік, неге түскен түсімнің жұмсалуына қатысты нақты ақпарат, нақты есеп бермейсіздер? Әлгі ГЧП келісімшартында отырған компанияларың кімдерге тиесілі, олар қанша пайда тауып отыр, айтпайсыздар ма?

Ал, осынша табыс тауып отырып, өзі бар-жоғы 7 күнге берілетін 50% жеңілдіктеріңізді алып тастаймын деген онсыз да несие мен қымбатшылыққа батып отырған халықты тағы да қанау ғой.

Не жетпей жатыр сіздерге?

Осы деймін да, бір шешім шығарарда қарапайым халықтың да реакциясын ойлап қойсаңыздаршы.

 

 

Мира МӘДӘЛІНІҢ әлеуметтік желідегі жазбасынан

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 22

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.