Блогтар мен пікірлер

Белгілі ғалым неге кіжінді?

«Тауда» жел қатты соғады…Сондықтан жазықта яки «сайда» жүрсең жел тимейді…
Сол сияқты Астанада тұрғанда аптада бір маңызды жиын, конференция, не семинарда боламын. Тісімнен тіс қалмады. Неліктен.. Әрине кіжінуден. Ішіңде ұстай алсаң қанеки. Сыртқа шығарам. Бетіне айтам. Тұрып алып сынаймын, Қарсы шығамын.
Бір күні Қазақ хандығының 500 жылдығы… Бас баяндамашы академик тарихшы.. Тыңдап отырып су қара тер болдым. Ызадан, намыстан… Шыдадым.. Ертесіне Елбасына айтып салдым… Әлі жүр интернетте…
Бір күні Министрдің алдында отырмыз… «У нас в Америке» деді. Артынан «Ой извиняюсь, когда я был в Америке» деп сөзін түзетті. Мен ішімнен «Досай сабыр қыл, шыда» деп отырмын. Бір кезде минстр «Я люблю химию. Национальный код это есть сперма» деді. Мен де ішімнен «Досай бекем бол, сабыр қыл» деп тағы үн шығармадым.
Сабыр түбі сары алтын болмады. Бір кезде министр «Я атеист. Поэтому этот учебник должно готовиться в атеистическом духе»… Бұл оқулық «Зайырлылық және дінтану негіздері» 9 сыныпқа арналып жазылған болатын. Авторы да өзім… Мен де орнымнан тұрып, жұдырықты түйіп, министрдің алдына жақындап келіп, «Сен мына креслоны әкеңнен мұра қылып алдың ба? Бұл бір мемлекеттің, үкіметінің берген құзыреті. Сен бұл мақамда атеист болмақ түгіл, сатанист болсаң да бұлай айтуға хақың жоқ» деп кіжіндім… Ол да столды бір ұрып, жиналыс бітті деп кабинетіне бет алды. Мен де тоқта мұны қалдырмаймын.. мен Президент Әкімшілігіне, Президентке айтам деп қала бердім…
Кімге айтасың…Баяғы жартас сол жартас… Сондықтан Түркістанға қайта көшіп кеттім. Бұл жер «тау» емес, «сай» жел тұрмайды. Кіжінбейсің… Ең болмаса тісің аман қалады..
Жай бір жорналшы қыздың сұрақтарына орай еске түсіп жатқан естеліктер ғой…
ғалым, ф.ғ.д., профессор
Досай Кенжетайдың фейсбук парақшасынан алынды

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.3 / 5. Бағалар саны: 6

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.