Блогтар мен пікірлер

Аспандағы айтыс: Айгүл Елшібаева әуеде кіммен “айтысты”?

Бұл оқиға , ақ жол емес, сор жолға айналарын кім білген?

Қаскелеңдегі Қарақалпақ, Түркімен, Өзбекстаннан көшкен ағайындардың көрісу күніне, Айгүл келіп жырласын дегесін, бағалары басқа компаниядан қымбат болса да, Air Astana ұшағына билет алып Алматым қайдасың деп, көптен жыр тыңдайтын ортаға түспегесін, алып ұшқан көңілім, түнімен ұйықтамай, домбыраммен қуанып бара жатқан сәттерім, осындай жайға ұшырайды деп кім ойлаған деп жазады newsroom.kz порталы Айгүл Елшібаеваның Facebook-парақшасына сілтеме жасап

Менің мәселем, Air Astana стюардессасының, басқа ұлт өкілінің қазақ тілінде менің айтқан сөзімді түсінбей жала жапқанымен, менің үстімнен әуежай полициясына арыз жазғаны, жаныма батты.

Ұшақ ұшып қонар кезде , орындығыңды түзе дегесін, 3-рет бастым да, орындық ақауы бар екен, орнына түспей, 3-рет артымдағы адам итеріп қалпына келтірді. Жабық терезені аш деді, оны аштым. -Қақылдап қоймады ғой, қанды ішіп, мына қыз, ұйықтап жатқанда-;дегенде,мен жаман сөз айтқандай,орысша тәртіпке келтіріп жатқасын, ұйқтап жатырмын, мазамды алма дедім.

-Девушка я буду на вас жаловатся-, деп салонға естірте айтқасын, намысыма тиіп, шыдай алмай

-Если, кресло не работает, я виновата что-ли, тогда ремонтируйте-, деп айқайлап жібердім, салон естіді, екінші стюардесса тише- тише деп жатқасын, ұйқымды жалғастыра бердім.

Борттан шығып келе жатсам екінші стюардессасы бар, қасында төрт полиция мені күтіп алды. Қолымда домбырам, стюардессам, вот это, вот она-, дейді, қылмыскерді ұстағандай. Амандасқанымнан, екі полициям кетіп қалды, екі полициям қалды. Полицияларым, мына стюардесса ішіп алған, бағынбайтын пассажир дегесін 4-еуміз шықсақ деп қарап тұр. Күлейін бе , жылайын ба?

Бір ауыз қазақша түсінбейтін стюардесса орыс қыз жала жауыпты.

Сіз сау екенсіз ғой, сізді мас деп жүрер, справка алыңыз дегесін өмірі арақ ішіп көрмеген,ғазиз басым, бөлімшеге барып аппаратын үріп сау деген справка алдым.

Стюардессам орыс қызы, қазақ тілінде түсінем деп қояды, бір ауыз сөйлей алмайды, Өз елінде қор болған қазақ тілім-ай.

Air Astana тұтынушыларға құрметтерің қайда? Бір ауыз қазақша білмейтін стюардессаң, қазақтың әншісін танымай, адамды қылмыскердей қаралауы орынды ма?

Сол күні білімді адвокат Абзал Құспан ға хабарластым, бұл іс толығымен заңсыз деп отыр.

 

Пост авторы: Айгүл ЕЛШІБАЕВА

 

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2.3 / 5. Бағалар саны: 4

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.