Блогтар мен пікірлер

«Бұл партия қатарын кездейсоқ тұлғалардан жүйелі тазарту деп білеміз» – Олег Чугунков партия қатарынан шыққан Семейлік 2 депутат туралы

Екі азамат өздерінің ажырамас конституциялық құқықтарын екі рет пайдаланды: бірінші рет партияға кіргенде, екіншісі одан шыққан кезде. Оларға айтарымыз! Жолдары ашық болсын!Біз ешкімді күшпен ұстамаймыз

24 қаңтар күні Семей қалалық мәслихатының екі депутаты «Nur Otan» партиясы құрамынан шығып, депутаттық мандатынан бас тартатынын мәлімдеген еді. Осыған байланысты «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков әлеуметтік желіде пікірін білдірді.

Оның айтуынша, дабыл қағатындай құбылыстар орын алып жатқан жоқ. Сонымен қатар, облыстық төрағаның бірінші орынбасары қалалық мәслихаттың екі депутатының партиядан шығатынын және депутаттық өкілеттіліктерін тоқтататыны туралы мәлімдемені растады. Ол саяси партия –ортақ саяси мақсаттар мен ұстанымдар негізінде құрылған азаматтардың ерікті бірлестігі екенін еске салды.

«Екі азамат өздерінің ажырамас конституциялық құқықтарын екі рет пайдаланды: бірінші рет партияға кіргенде, екіншісі одан шыққан кезде. Оларға айтарымыз! Жолдары ашық болсын!Біз ешкімді күшпен ұстамаймыз», –деп жазды Чугунков Facebook парақшасында.

Белгілі болғандай, келесі айдан бастап жария форматта депутаттардың қоғамдық рейтингін қалыптастыру мақсатындағы онлайн платформа іске қосылады. Рейтинг мәслихаттар депутаттарын халықпен неғұрлым тиімді және тұрақты өзара іс-қимыл жасауға ынталандыру, сайлауалдыбағдарламаларды іске асыру үшін олардың дербес жауапкершілігін арттыру мақсатында құрылған. Партия өкілі «бұрынғы әріптестерінің» алдын ала шу шығаруына да осы себеп болуы мүмкін дейді.

«Nur Otan» билеуші партия ретінде елдегі жағдай үшін жауапкершілік жүгін бірінші жыл көтеріп отырған жоқ. Біз Қазақстан халқына қызмет ету мүддесінде өзіміздің тиімділігіміз бен мүмкіндіктерімізді арттыру үшін жаңғырту үдерісіндеміз. Бұл партия қатарын «партияда өзін жақсы көретін», бірақ өзін оның бір бөлігі ретінде сезінбейтін кез-келген кездейсоқ тұлғалардан жүйелі тазартуды қамтиды. Осымен біз жыл сайын айналысамыз. Сонымен қатар, партияға да белсенді түрде кіретіндерін айту керек. Тек қазір менде «Nur Otan» қатарына кіру мақсатында 200–ден астам адамның өтініштері жатыр.

Бірнеше адам кетседе – бұл ешқандай мәселені өзгертпейді. Мен желіде 2005 жылы партия қатарынан бірнеше ондаған адамды алып, бір қоғам қайраткері шыққанын оқыдым. Содан бері біздің партия саяси конъюнктуралардан арылып, тек күшейе түсті. Сондықтан мұны партияның өзін-өзі тазарту актісі ретінде қараңыз», – деп атап өтеді партия өкілі.

Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары билеуші саяси күш әрқашан елдің барлық проблемалары үшін жауап беретінін де жазды. Оның пікірінше, елдегі көптеген оң саяси, әлеуметтік-экономикалық процестердің артында партия мүшелерінің – өз істерімен мойындауға ие болған қамқор, жігерлі, белсенді адамдардың жұмысы тұр.

«Nur Otan» бәсекелестік күрес арқылы көшбасшы партия, халықтық өкілдік партиясы және парламенттік көпшілік болып табылатынын дәлелдеді. Біздің алдымызда көп жұмыс пен міндет тұр. Бұған азаматтардың шешіміне алаңдауға уақыт жоқ. Мемлекет басшысы жариялаған реформаларды сапалы жүзеге асыру үшін партиямыз тек нығая түсетініне сенімдімін», – деп қорытындылайды Чугунков.

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.