Блогтар мен пікірлер

Назым Әбілдина: Елбасымызды жамандауды доғарсаңыздар!

Бұл менің Қазақстаныма деген сүйіспеншілігімнен деп білемін.

КешYou тобының бұрынғы әншісі Назым Әбілдина елде болған «Қаңтар қырғынына» қатысты пікірімен бөлісті деп жазады oinet.kz.

Әнші осы уақытқа дейін өзіне келе алмай жүргенін, тек қайғырумен болғанын атап өтті. Ол халықты Елбасын даттамауға шақырды.

«Соңғы уақыттары елімізде болған жағдайларға байланысты, біраз эмоционалды тұрғыда өз-өзіме келе алмай жүрдім. Ойласам, амалым жетпей тек қайғырумен болдым. Қайран елім! Қаншалаған пікіріммен бөліспедім. Десе де саясатқа араласқым келген жоқ. Өйткені жоғарыда саяси сауаты мықты, ақылды, парасатты адамдардың барына, еліміздің гүлденуіне өз үлестерін қосатындығына сеніммен қарадым. Бірақ мен өз тарапымнан “Бәрі өз қолымызда” екенін айтқым келеді. Достар, шынында еліміздің жаңаруына, өркендеуіне бәріміз үлес қосайықшы! “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” – дегендей, баршаңызды бірлікке шақырғым келеді! Сондай-ақ барша құқық қорғау органының қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге ерекше рахметімді айтамын! Қалайда халық қамын жақсарту мақсатында еңбек етіп жүрген Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысымды білдіремін! Қанша қиын кезеңдерді бастан өткеріп, бізбен бірге болған Елбасымызды жамандауды да доғарсаңыздар деймін! Себебі тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі уақыттарда, ол кісінің жасаған еңбегін жоққа шығара алмаймыз! Барша қаза болған құрбандардың отбасына қайғырып көңіл айтамын! Мен өз елімді сүйемін! Елімдегі әрбір оқиға, менің жаныма батады! Бұл менің Қазақстаныма деген сүйіспеншілігімнен деп білемін», – деп жазба қалдырды ол желідегі парақшасында.

© Oinet.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2.6 / 5. Бағалар саны: 26

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.