Блогтар мен пікірлер

Бағлан Әбдірайымов: Керей мен Жәнібектің бір-біріне сенім артқаны сияқты көрініс берді

2.6
(22)

Бір күн бұрын Жұма қабыл болсын – деп инстаграм пост жазған танымал әнші Бағлан Әбдірайымовтың желідегі посты жұрт назарын аударды.

Осы орайда, newsroom.kz порталы танымал өнер жұлдызының одан әрменгі постын қаз-қалпында оқырман назарына ұсынып отыр.

Ассалаумағалейеум, достар! Жұма қабыл болсын!

Бүгінгі жұма да ерекше ойда отырдым. 30 жылдық мерекеміз әсер етті ме? Әйтеуір саяси сахнаның төрінен ой мен бірақ шықтым. Тәуелсіздік алған жылы бастауш сыныпта оқып жүргем.))) Содан бері Елбасымыз НҰРСҰЛТАН ӘБІШ ҰЛЫНЫҢ әр бір шешімін, жеткен жетістіктерін көріп келеміз. Кеше өнер – білім орталықта Тәуелсіздіктің 30 жылдығын оқушыларымыз бен атап өттік. Елеулі оқиғаларды тақтаға тізіп едік, жеткен жетістіктеріміз мол екен. Шүкір дедік! Бүгінгі қасиетті жұма да ЕЛБАСЫМЫЗДЫҢ амандығын тілеп, ел президенті Қасым Жомарт Тоқаевқа сәттілік тіледім. Кешегі өткен саяси кеңестің отырысын да ЕЛБАСЫ партия төреғалығын ПРЕЗИДЕНТКЕ тапсырды. ТАРИХИ СӘТ!

Елбасы кезекті шешімі арқылы өзінің көрегендігі мен алысты болжайтын дана тұлға екенін тағы бір дәлелдеп берді деуге болады. Осының бәрі өз заманында Керей мен Жәнібектің бір-біріне сенім артқаны сияқты көрініс берді. Іш жылып қалды.

30 да орда бұзған еліміз, 40 жылдық та қамал алатынына сендім, Құдайдан жәрдем сұрадым. Тәуелсіздіктің тұғыры мәңгі биік болсын деп тіледім.

Презединттің сөзі мен түйіндейін:

Шын мәнінде, егемендік – елдің бәріне бұйыра бермейтін бақ. Әлемде сан миллион халқы болғанымен, ұлтарақтай жері жоқ қаншама ұлт бар. Ал, қазақтың пешенесіне өз мемлекетін құру бақыты жазылды. Бұл – ұлы бақыт, ұлттың бақыты! Бұдан асқан қуаныш, бұдан биік мәртебе бар ма?!

Ескерту: Аталмыш материал жазба авторының орфографиясы сақталып беріліп отыр.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2.6 / 5. Бағалар саны: 22

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button