Блогтар мен пікірлер

Тұрлыхановтың ұлынан соққы жеген әйел кешірім бермейтінін айтты

Дәулет Тұрлыханов Алматыда ұлы Нұрасылмен төбелесте жарақат алған заңгерлермен кездесті. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне Анна Чернова (Димитриевич) айтып берді, деп Newsroom.kz жазады.

«Жақында іс әскери полицияға берілді. Тергеу жүріп жатыр. Бүгін тергеуші қоңырау шалды. Біз оларға баратын болып келістік. Әзірге жаңалық жоқ. Жалпы, бәрі әдеттегідей жүріп жатыр. Біз құқық бұзушының әкесімен кездестік. Ол ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады. Біз өз кезегімізде ұлын кешірмегенімізді айттық. Ол заң алдында жауап беруі керек. Ал іс баршаға сабақ болуы керек», – деді Чернова.

Еске салайық, бір апта бұрын Алматыда белгілі заңгер соққыға жығылғаны хабарланған болатын. Оқиға туралы жәбірленуші Олег Черновтың әйелі, заңгер Анна Димитриевич айтты. Ол да сол жерде болған және жарақат алған.

Алматы ПД бұл дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады. Қылмыстық іс бойынша алғашқы тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалған болатын.

Фото: Vesti.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.