Блогтар мен пікірлер

Аман аға, таныдыңыз ба?! Спорт журналисі А.Сейітханға хат жазды

Аман аға, таныдыңыз ба?! Асланмын ғой. Сізді еске алуға арналған турнир өтіп жатыр. Республикалық турнир. Аруағыңыз риза болып, бір аунап түскен шығар – деп хат жазды белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзінің фейсбук парақшасында. Әсерлі жазбаны newsroom.kz порталы сол қалпында ұсынуды жөн көрді.

Бұған қоса, дәл бүгін Амангелді Сейітхан атындағы студия ашылып, жазбаларыңыз жинақ күйінде жарық көрді. Иә, өзіңіз айтып жүретін кітап енді ғана шығарылды. Көпшілік хабарласып, сатып алуға ниет танытуда. Жалпы жұрт сізді өте жақсы көреді. Ал, аналар…

Аналардың көті ашып жатыр. Аши берсін. Тірі кезіңізде әртүрлі кедергі жасап, басшылық жақ тырп еткізбеп еді. Айтпақшы, біздің жұмыста өсіруге болмайтын және өссе аса қауіпті саналатын 4 адам бар екен. Соның негізгісі – өзіңіз. Білетін бе едіңіз?! Мен жақында білдім. Бірақ, таңданбадым. Өкініштісі сол, олар өз мақсатына жетіп тынды. Бірақ, мұңаймаңыз. Біз бармыз. Біз осы жерде қалдық және күресті жалғастырамыз. «Мен сияқты болмаңдар!» – деп бір жағынан әзілдеп, басқа жағынан намектар отыратын едіңіз. Жоқ. Принцип. Қыңыр мінезбен көп жерге сыймасымызды және (төрттіктің бірі ретінде) өсе қоймасымызды білем. Сонда да…

Жарайды, жұмысты нетіп кетіппін ғой. Аман аға, жалпы қазақ спорт журналистикасында алға ілгерілеуішілік бар. Жақында Семейден практикан жігіт келіп, осы бағытқа қызығып кетті. Енді дипломын алғаннан кейін спорт тақырыбында ғана қалам тербемек. Басқа  жоғарғы оқу орындарында да спорт журналистикаға ерекше көңіл бөле бастапты. Универлер кездесуге шақырып тұрады. Әттең, өзіңіз болғанда ғой. Бірге баратын едік. Ал, жалпы отандық спорт лақты. Беспридел көп. Жемқорлық жайлады. Оларды да қолдан келгенше шымшылап, арттарын ашуға тырысамыз. Бірақ, объем тым үлкен және күн өткен сайын етек жайып барады. Осындай кезде де «Әттең, Аман аға болса…» деп ойлаймын да қоямын.

Айтпақшы, маған сыйлаған футболкаңызды сақтап қойдым. Тек ұлттық құраманың матчтарына кием. Кейін бір жерге атыңызды жазып, іліп қойғым келеді. Ал, жеке тірліктерім (бизнес) жай-жаймен жүріп жатыр. Өзіңізден үнемі ақыл сұрайтынмын. Қазір өзімізбен өзіміз. Басқаның ақылы керек те емес… Тағы лағып кеттім бе?! Аман аға, қысқасы, республикалық турнир жыл сайын тұрақты өтеді. Бұған қоса, өзіңіздің атыңыздағы бильярд бәсекесі де бар. Яғни, өмірден кетсеңіз де, өзіңіз әлі осындасыз. Әлі қазақ спорт журналисткасы мен жалпы қазақ спортына қызмет етіп жатырсыз. Ізіңіз өшпейді. Өшірмейміз!

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.6 / 5. Бағалар саны: 55

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.