Блогтар мен пікірлер

Салық ше? Д.Мұқаев бала өскенде ақша жемеу үшін не істеу керегін айтқан

 

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Нұрлан Қоянбаевтың “Түнгі студия” бағдарламасында қонақта болды. Ол қазіргі таңдағы бала тәрбиесіне қатысты өз ойын айтқан еді. Отбасындағы баланың рөлі, қаржылық сауаттылық, және т.басқа сұрақтар төңірегінде пікірін білдірген, деп хабарлайды newsroom.kz.

“Қазіргі таңда отбасының бюджеті 200 мың теңге болса, миллион теңгелік айфон телефон ұстағысы келетін балалар бар. Қаншама жандар айтып жатады “балам ананы әпер, мынаны әпер, айлығым 80 мың теңге. Амал жоқ кредитке алуыма тура келеді” дейді. Ақшаға келгенде баламен дос болу керек. “Ананы алма, көрме!” демеу керек. Керісінше біз балаға ақшаны пайдалана білуді үйретуіміз керек. 10 мың теңге ме, 20 мың теңгені ұстата білуіміз керек. Өйткені баланың психологиясы бала кездегі ақшаны ұстай білуіне байланысты. Ертең өскен кезде, мемлекеттік қызметке, бизнеске барса да миллион, миллиардтаған ақшаның бір тиынына тимейтін болады. Ақшаны бала кезде көріп өскен баланың психологиясы солай қалыптасады. Ал қазіргі кездегі жемқорлар, өкінішке қарай, бала кезінде түк көрмей өскендіктен жеп қоя береді, жеп қоя береді!”-деген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Дәулет Мұқаев VIII сайланған 
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Ипотека, бизнеске бағыт беру, қаржылық сауаттылықты арттыру курстарының авторы. Әлеуметік желіде белсенді блогер.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.