Блогтар мен пікірлер

Журналист Асхат Ниязов қайтыс болған Риддер әкімінің отбасынан кешірім сұрады

Журналист Асхат Ниязов 39 жасында қайтыс болған Риддер әкімінің жақындарынан кешірім сұрады, деп newsroom.kz хабарлайды inbusiness.kz.дереккөзіне сүйене отырып.

Белгілі болғандай, Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой қайтыс болды. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, ол ауруханада жүрегі тоқтап қайтыс болған.

«Обожаю» арнасының авторы Асхат Ниязов бұл туралы өзінің әлеуметтік желісінде хабарлай келе, марқұмның туыстарынан кешірім сұрады.

«Бүгін Риддер қаласының әкімі қайтыс болды. Егер менің шығарылымым болмағанда, ол осыншама хейттің астында қалмас еді дегенмен келісемін. Иә, мен жауапкершіліктен қайтпаймын. Өзінен және отбасы мүшелерінен кешірім сұраймын. Ол ештеңеге қарамастан, батылдықпен түсірілімге келісті. Маған көптеген адамдар оның жақсы адам болғандығын жазып жатыр. Иманды болсын», – деп жазды журналист желідегі парақшасына.

Айта кетелік, аталған арнаға әкім сұхбат бергеннен соң әлеуметтік желілер мен медиада әкімге қарата мазақтаған сыңайдағы пікірлер кең тараған болатын. Осы түсірілімнен соң көп ұзамай бірнеше айдан соң Риддер қаласының әкімі қайтыс болды.

Дмитрий Анатольевич Горьковой 1983 жылы 6 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласында дүниеге келген.

2005 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

2007 – 2014 жылдары қаржы полициясы органдарында қызмет еткен.

2015 – 2020 жылдары Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары болған.

2020 жылдан бастап Риддер қаласының әкімі болды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.