Блогтар мен пікірлер

Елімізде құлықсыз жастар саны артуда

Елдегі 14–29 жас аралығындағы жастардың саны 4 млн 300 мыңға жуық. Осының ішінде 237 мыңы NEET санатындағы жастар.

Оқымайтын, жұмыс істемейтін, қайта даярлаудан өтпейтін, ештеңеге құлықсыз жастардың саны артуды. Тіпті осы  санатқа жататын жастарға да арнайы атау пайда болған екен. Нақтырақ айтқанда «NEET жастары» термині

«NEET жастары» деген терминге біздегі ақпарат құралдарында «оқымайтын, жұмыс істемейтін, қайта даярлаудан өтпейтін, ештеңеге құлықсыз жастар» деген түсінік беріліп жүр. Кең қолданыста осылай. Енді алдымен осы терминнің өзіне тоқталайықшы. «NEET жастары» деген түсінікке біз беріп жүрген сипаттама дұрыс па?

NEET-тің түрлері

  • Антисоциал: жұмыс істемегенде ғана өзін жайлы сезінетіндер
  • Хикимори: өзге адамдармен араласа алмайтындар
  • Пассив: өзіне деген сенімі мен мотивация жоғынан жұмыс таба алмай жүргендер
  • Көңлі қалған: бұрынғы жұмысынан жағымсыз әсер алған, ендігіде еңбек етпеймін деп бел буғандар

Қазір әлемнің 122 елі жастарға қатысты ұлттық саясат жүргізіп, оны дамыту және қорғау туралы арнайы заңнама қабылдаған екен.  Енді әлем алаңдап отырса бұл бей-жәй қарайтын мәселе емес қой.

2021 жылдың бірінші жартысында 6,7 пайызды құрапты. Елдегі 14–29 жас аралығындағы жастардың саны 4 млн 300 мыңға жуық. Осының ішінде 237 мыңы NEET санатындағы жастар.

Әлемдік еңбек ұйымының дерегі бойынша, NEET санатындағы жастар саны ең аз елдер:

  • Жапония 3,0%,
  • Нидерланды 3,1%,
  • Сингапур 4,5%,
  • Германия 5,4%,
  • Швейцария 6,0%.
  • Посткеңестік елдер арасында NEET үлесі Арменияда (36,5%)
  • Молдовада (27,9%)

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.