Блогтар мен пікірлер

Қарындас қайда барасың?

4.1
(33)

Қарадомалақ қазақтың баласынан гөрі, қара нәсілді қайманаға жар болуды қалайтын қандас қарындастардың көбейуі бүгінде көңілге мұң ұялатады.

Олардың сырға салып, ұзатылуын әлеуметтік желіге тик-ток қылып жарыса салып жатқан ата-анасымен бауырларының ісі одан да сорақы. “Жеңген иттің құйрығының қайқысы-ай, артын ашып абыройын жаппаған”-дегендей намыстары қайда екен олардың?

Ешкімнің шаруасы болмасын, өзім білем. Кімге тисем де өз еркім. Ақылдарыңды бастарыңа шайнап жағыңдар- деген сөздер айтылуы әбден мүмкін.

Ақыл айтайын деген ойдан аулақпын. Ең өкініштісі қара нәсілге ұзатылып бара жатқан қыздардың басым көпшілігі, қазақы қаймағы бұзылмаған өңірлердің қос бұрымдылары. Біз қай жерден жаңылдық? Неден қателестік?  Мұның азабын болашақта тартпасақ жарар еді ағайын.

Желкенің ас болмайтынын, жиеннің ел болмайтынын еліміз ежелден білген. Қазанынан қақпақ кеткен елдің адал асын, аузынан сілекейі шұбырған арам иттің былғағанындай, тұнығы әлі лайланбаған қарындастың жатырына түскен жаман жаттың сілекейі тексізденуге апарар тура жол.

Түсінген адамға біздің байлығымыз мұнаймен темір, газбен көмір емес. Қаны бұзылмаған, жатыры лайланбаған, қазақтың арлы қызы. Арсыздық белең алып, ар саудаға салынып жатқан екі жүзді заманда қазақ қызыңа, қарындасыңа ие бол.

Қазақ асыл жарын қыздай алған. Себебі оның жатырына алғаш түсетін мәни тамшының маңызының зор екенін атам қазақ, атам заманынан бес саусағындай білген. Жатырдың жады(есте сақтау қабілеті) орасан зор.

Қайда ұзатылып, кімге тисеңде алғашқы мәни тамшы өз дегенін қылатын болған. Қорқыныштысы сонда. Жатқа қыз бермек түгілі, жылқы сатпаған. Қайта айналып шабар деген күдік басым болған.

Аттың биеден, алыптың анадан туатынын білген қазақтың қаракөз қызына деген қамқорлығы күшті болған. Елді аузына қаратқан бара бәйбішелердің өзі екі қабат жас келіншектердің алдын кесіп өтпеген.

Себебі оның алтын құрсағында болашақта елдің тағдырын шешетін алып азаматтың жату мүмкін деген ниетпен.

Әй дейтін әжесі, қой дейтін қожасы жоқ елдің адал қазаны, арам итаяққа айналмас үшін қызға қырық үйден тыйу керек екенін қазақ бүгіннен түсінсе екен.

Заманында Франция сұлулардың мекені болған. Француздың қызын құшақтау әр жігіттің арманы еді. Парижге итше ызғыған жат жұрттық бекзадалар талай францужынкылардың тұнығын лайлады. 

Бүгінде қарасаңыз таза қанды французды кездезтірмейсіз. Ол француз иә үндіс, иә араб, иә қара нәсілді қара домалақ пенде. Өте аянышты. Заман өте француздардың кебін кимесек жарар еді. Мына екпінмен кете берсек, оның да ауылы алыс емес секілді.

“Өз өзіңді жаттай сыйла, жат жадынан түңілсін”. “Ел боламын-десең бесігіңді түзе”-қазақтың қаракөз қызы.

 

 

МАҚСАТ СҚАҚОВ

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.1 / 5. Бағалар саны: 33

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button