Блогтар мен пікірлер

Байбек: Нұрсұлтан Назарбаевты жата жамандау — азаматтығымызға сын

Қасым-Жомарт Кемелұлы «Күшіміз – бірлікте!» деп айтты.

Nur Otan төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қоғамда партияға және бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты айтылып жүрген сындарға жауап берді деп жазады baribar.kz.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы «Күшіміз – бірлікте!» деп барлығымызды ортақ мақсат жолында топтасуға шақырып отыр. Қазақ «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді. Nur Otan партиясы елдің бірлігі мен ішкі тұрақтылықты сақтаудың маңызын үнемі айтып келеді. Партия ту еткен осы мәселелердің қаншалықты маңызды екенін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Осындай қиын-қыстау кезде партия жұмысынан мін іздеп, «Парламент таратылсын, партия таратылсын» деген мағынада әңгіме таратып жүргендер бар. Мұны айтушылар – Nur Otan партиясы мемлекеттіліктің, елдіктің негізгі қоғамдық-саяси тірегінің бірі екенін мүлдем түсінбейтіндер. Nur Otan партиясы құрылғалы бері Қазақстан мемлекеттілігін сақтау үшін, қоғам бірлігін бекем ету үшін жұмыс істеп келеді. «Ұлы істер үндемей бітеді» демекші, бұл – даңғойлыққа салуға болмайтын, көзге көрінбейтін істер. Сондықтан біз айтылған қисынды сынды көтере біліп, ал, жүйесіз сөзге мән бермей, бел шешіп жұмыс істегеніміз жөн, – деді ол.

Бауыржан Байбек қазір бұрынғы президент туралы да небір пікір айтушылар көбейгенін айтты. Оның айтуынша, тарих безбеніне салсақ, кез келген оқиғаның, не тұлғаның өткендегі рөліне бірыңғай оң не болмаса тек қана теріс деп баға беруге болмайды. Мысалы, Түркияның тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрік туралы да қарама-қайшы пікірлер көп, бірақ ол замануи түрік мемлекетінің негізін қалаушы тарихи тұлға болып қала бермек.

Өткенге баға беру әркімнің қолынан келеді, бірақ ақиқат пен жалғанды ажырату әркімнің өз ар-ұятына байланысты. Ең қиын кезеңде, яғни біз мемлекет боламыз ба, болмаймыз ба деген сонау алмағайып 90-жылдары Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан Ттуелсіз мемлекет болып қалыптасты, етек-жеңін жиды. Төңірегімен терезесі теңесті. Жалпы әлемдік қауымдастық мойындады. Елбасы мен сол кездегі аға ұрпақтың 30 жыл бойы мемлекеттіліктің іргесін бекітіп, шекарасын шегендеп, территориясының тұтастығын сақтауға сіңірген ерен еңбегі ұлт тарихында өзінің оң бағасын алары сөзсіз. Ал осы жылдары кетеуі кеткен дүниені тезірек түзеуіміз керек. Ол сөзсіз. Президент жариялаған реформалардың да мәні — осы. Бірақ мемлекет басшылығынан кеткен Нұрсұлтан Назарбаевты жата жамандау – елдігімізге, азаматтығымызға сын, – деді ол.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.3 / 5. Бағалар саны: 6

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.