Блогтар мен пікірлер

Дәстүрлі әнші Айнұр Тұрсынбаеваны сығанға теңеді ме?

Айгүл Елшібаева өз ойын білдірді.

Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева Instagram-дағы парақшасында Айнұр Тұрсынбаеваның тренингіне қатысып, «алданып қалдым» деген қатысушының хатын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Қатысушының жазуынша, оларды әуежайға келгеннен бастап алдап, қалталарынан ақша қақпақ болған.

«Түркияға барып демалғымыз келді. Агенттіктерді іздеп отырғанымда Айнұр Тұрсынбаеваның «Теңіздегі тренинг» дегенін оқып қалдым. Әрі тренинг, әрі демалып, қыдырып қайтатын болдық деп баламыз екеуміз ұрындық. Тренинг құнына жолақысы кірмейді, 7 күнге 350 мың төледім. Желідегі парақшасында «тренингте жалпы саны 40 адам болады, қатысушыларды менеджерлер әуежайдан күтіп алады» деді. Алдаудың басы әуежайдан басталды ғой. Шымкент қаласынан барған 6 адам бір трансфер жалдап қойдық. «Алты адамға $150 төлейсіздер» деген, түскен соң бізді күтіп тұрған түрік жігітке баруымыз керек болған, ол телефонынан бізді іздеп таппай, «жоқсыздар сіздер» деді. Әуежайда 20 минуттай тұрдық та, болмаған соң өзіміз такси іздеп таптық. Сенесіз бе, 6 адамды қонақүйге дейін $150 емес, $35 апарды. Ұзын сөздің қысқасы, демалып та, қыдырып та оңбадық. Шұбырған 65 адам бір-бірімізді күтумен, көшеде шұбырып такси тоқтатумен күніміз өтті ғой. Бурса қаласындағы фабрикаларды аралаймыз деп сол қаладағы бір сасық аяқ киім сататын жерге апарып, 65 адамды иіріп, бір күнімізді өткізді», – деді қатысушы.

Тренингке қатысушылардың сөзінше, араларында әрең жүрген қарт кісілер де болған көрінеді. Мотивациялық тренинг қатысушылардың ешқайсысының көңілдерінен шықпаған.

«Ең соңы, Айнұрдың өзімен яхтаға баратын болып, шұбырып таксиге бөлініп міндік. Тіл білмейтін бізді таксилері алдап, әр жерден түсіріп кетті. Осылайша бір-бірімізді іздеп жүріп, таңертеңнен Ақтабан шұбырындылар кешке бір-ақ жиналдық. Зорға жүрген кемпірлер де бар арамызда. Соңында «апамыз» өз кемшілігін сезді ме, 5-6 адамға алтын беріп алдап қойды. Жалпы саны 65 адамға түрік тілін біледі деп 4 тілмаш жалдаған, бірақ олар да тіл білмейді. Біреуімен сөйлессем, оларды да біздің алдымызда «ақша төлейміз» деп Қазақстаннан шақыртып алған екен. Ойда-қырда 65 адамды игере алмай, әбден ләйлітті. Барғандардың ешқайсысы разы болған жоқ, көбісі күңкілдеп қайтты» деп жазды хат иесі.

Қатысушылар соңғы жылдары орамал тағып, аузынан Алласын тастамайтын ақынның сөзіне еріп кеттік деп отыр.

«Басқа-басқа, ол «апам» солай жасайды деп ойламаппын. «Бір Алла» деп сөйлегенге сеніп қалдым. Алаяқтарға кеткен ақшама ішім удай ашып, жыладым. Олар туралы Хавва деген Ыстанбұлдағы қыздың инстасына коммент жазып едім, шабармандары шығып, «адвокатымыз сізді іздеп жатыр» деді. Хавва деген қыздың туризмге заңды турлары бар екен. Айнұр енді сол қызды сағалап жүр, өте қу екен. Жұрт жамандаса, «біреудің өмірі ғой, біреу туралы айтпа» деп қорғайтын едім. Енді жүрген жерімде «мүмкін болса, алданбаңыздар» деп айтып жүремін. Алла есіркесін, одан басқа айтар сөзім жоқ» деп жазды Бота есімді тренинг қатысушысы.

Бұған байланысты әнші Айгүл Елшібаева өз ойын білдірді.

«Инстацыгандардың екі қулығын білемін. Алаяқтығы білінсе, ауру жанға көмектесейік, жетім-жесірді есіркейік деп қоғамға қайырымды жанашыр болып қалады»,- деп жазды Айгүл Елшібаева.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.4 / 5. Бағалар саны: 8

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.