Блогтар мен пікірлер

Мәжілістегі ең жас депутаты маңызды үндеу жариялапты

Бейбітшілік басты бақыт екенін айтыпты.

Мәжіліс депутаты Мәди Ахмет өзінің Instagram-дағы парақшасында қаңтар айында болған дүрбелең туралы пікір білдірді.

Ол жазбасында көпшілікті бірлікке шақырып, бейбітшілік басты бақыт екенін айтты, деп жазды turkystan.kz. сілтеме жасаған newsroom.kz. 

Осы орайда ол дәл қазір жерге, ұлтқа, партияға бөлініп, бір-бірімізді айыптайтын уақыт еместігін, бірлігімізді тағы бір мәрте көрсететін тағдыршешті кезең екенін атап өтті.

«Бұл ретте, біздің партияластар, жастар қанаты әр аймақта штаб құрып, мұқтаждарға, әскерилерге көмек көрсетуде. Тізбектей берсем, атқарылып жатқан жұмыс аз емес. Күні кеше Мәжіліс қабырғасында сөз сөйлеген Президентіміз жастарға ерекше назар аударды. Атап айтсам, жұмыссыздықты азайтуды, жұмыспен қамту бағдарламаларын жетілдіруді, әлемдік жаңа оқу орындарын ашуды тапсырды. Өз кезегінде еліміздің жастар саясаты жүйелі реформаны қажет ететінін партия жанындағы жастар кеңесінің әр отырысында нақты ұсыныстармен дәйектеп көтеріп келдік. Енді іс жүзіндегі өзгерістерге көшуіміз қажет. Еліміз жаңарар, санамыз өзгерер, бәрі қалыпқа қелер. Бастысы – елдігімізді сақтау жолында арандатушылыққа жол бермей, еңбек ету. Ел аман, жұрт тыныш болсын!» деп жазды Мәди Ахмет.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2.6 / 5. Бағалар саны: 5

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.