Блогтар мен пікірлер

Керек пе? Депутат Зайытов айтыскерлерге ғимарат керек депті

Айтыскер, бүгінде мәжіліс депутаты Ринат Зайытов азулы айтыскерлер мен жыршы-термешілерден тұратын аты бар, ғимараты жоқ одақтың жайын туралы айтты. Қазақтың ғасырдан-ғасырға жеткен айтыс өнеріне қолдау білдіріп, ғимарат беріп, тұрақты қаржыландырылып тұрса, деген ниетін үкіметке жолдады, деп хабарлайды newsroom.kz.

“Қазақтың айтыс өнері қазақтың демеуі мен махаббатының арқасында, сонымен қатар ақын Жүрсін Ерман ағамыз арқасында осы күнге дейін жетті. Жетіп қана қоймай, 2012 жылғы 1 тамызда «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі құрылды. Қазіргі таңда одақ мүшелігінде 250-ге тарта айтыскер мен жыршы, термеші бар. Ал одақ құрылғалы 110 халықаралық және республикалық, 100-ден астам облыстық пен аудандық айтыс өткізілген. Сонымен қатар бес рет республикалық жыршы-термешілер байқауы ұйымдастырылған. Алайда осындай ауқымды іс-шараларды жүзеге асырып отырған одақтың жеке ғимараты жоқтығы өкінішті-ақ. Сонымен қатар мемлекет тарапынан айтысқа бөлінетін қаржы да одаққа белгісіз себептермен толық жетпейді”,-дейді Ринат Зайытов премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке жолдаған сауалында.

Сонымен қатар депутат Алматыдан одақтың атына тұрақты мекенжайы бар ғимаратпен қамтамасыз етуін және Мәдениет министрлігі тарапынан жартылай тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз етуін сұрайтынын жеткізді.

Алайда су жаңа депутаттың тек өнер саласындағы мәселелерді көтеруі көпшілікке ұнамаған сыңайлы. Бас басына отау құрған мына заман, қарапайым халықтың жағдайына қаншалықты әсер етеді деген сұрақ туындауы мүмкін.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2.5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.