Блогтар мен пікірлер

Орыс тілінде сөйлеседі: «Болашақ» түлегі күйіп кетті

«Болашақпен» Англияда оқып келгендердің телеграмда ортақ чаты бар. Негізінен орыс тілінде сөйлеседі – деп белгілі журналист Абай Отар өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ашына жазды.

Оның жазуынша арасында ағылшынша да жазылады екен. Ал ол секілді қазақша жазатындар санаулы ғана. Тіпті, кейде оның қазақша қойған сұрағы жауапсыз қалатын көрінеді.

Сонда қазақ елінің һәм қазақ халқының ақ білегі мен ақ найзасының күшімен қорғалған табиғи байлығы мен қазақстандықтардың салығына оқып келген «болашақтықтар» қазақ тілін менсінбейді ме деген заңды сауал редакция тілшісінің тарапынан туындағаны жасырын емес.

«Өз ана тілін құрметтемейтін болса, онда мемлекет не үшін ақша төлеп оқытты? Болашаққа құжат өткізгенде бәрі қазақ тілін білетіні туралы сертификат өткізеді. Сонда қалай болғаны?» – деген Абай Отардың сауалын ашық қалдырып, оны қадірлі оқырман өзіңізге бағамдауды ұсынамыз.

Сіз не дейсіз? Тағы да 30 жыл қазақ тілінің жағдайын талқылап, ана тілді «қолдауға» қыруар қаржы бөлінгенін қалайсыз ба?

P.S. Айтқандай Абай Отар жазбасының соңында су жаңа министр және депутаттық антын Бісмілләмен бастаған Sayasat Nurbek-ті тегтеп кетіпті. Қоғамға ашықтығымен танылған және өзі де «Болашақ» түлегі болған министр не деп жауап береді екен?

 

Фото: zhasalash.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.