Блогтар мен пікірлер

Мырзахметовтан Мәжіліске: кісі қызғарлық карьерасы бар депутат қызу талқыға түсті

Қазақстан үлкен мүмкіндіктер елі. Тәуелсіздігін алғанына 30 жыл болған мемлекетте саяси және қызметтік карьера жасаған тұлғалар саны жетіп артылады. Арманын жүзеге асыруға АҚШ-қа аттанатындарды түсінбеймін деп жазады newsroom.kz тілшісі. 

Дегенмен Парламент Мәжілісіне Ақмола өңірінен депутат болып сайланған Мәди Елюбаевтың өмірбаяны фейсбук әлеуметтік желісінде қызу талқыланып жатыр.

Мәселен, Ая Өміртай есімді фейсбук қолданушысы: «Мәжіліс депутаты Мади Елюбаевтың еңбек жолы. Пах, шіркін! Көңіл-күйім өз-өзінен көтеріле беретін болыпты 🤣 Оған қоса 70-тен астам ғылыми еңбектердің авторы екен. Қайдан тауып оқуға болады?» – деп жазған.

Аталмыш постқа пікір қалдырған Мерген Тоқсанбай есімді қолданушы: «Университет ашып алсам, баламды осылай өсіруге болады екен ғой, иә?)» – деген пікір жазып кеткен. Себебі, А.Өміртайдың жазбасында келтірілген скриншотта А.Мырзахметов атындағы университетті 2000 жылы Елюбаев Сагинтай Зекенович негізін қалағаны жазылған.

Возможно, это изображение 1 человек и текст «депутат парламента PK, которого мы заслужили.... елюбаев мади сагиитаевич преподаватель карьера! 2003- 2005 университет имени A. мырзахметова студент 2003 2007 университет имени A. мырзахметова 2007 2009 университет имени A. мырзахметова доцент 2009 2011 университет имени A. мырзахметова- профессор 2011- 2013 университет имени A. мырзахметова декан 2013 2014 университет имени A. мырзахметова проректор 2014- 2021 университет имени A. мырзахметова ректор 01.2021 депутат мажилиса парламента PK. унпверсиет имени A. мырзахметова основан в 2000 году елюбаевым сагнтаем зекеновичем»

Артынша тағы да фейсбук әлеуметтік желісіне пост жазған белгілі блогер Бауыржан Қарипов: «Мырзахметов университетінен шықпаған адам Мәжілістен бір-ақ шыққан ғой. Машалла! Карьера деп осыны айт. Праймериздің көмегі болды деп ойлаймын. Қайбір жылы бір телеарнадан бегучка өткен. Жұмысшы іздеген компания «Мырзахметов және … университеттерін бітіргендер хабарласпасын» деп хабарландыру берген ғой» – деп жазып, Ая Өміртай бөліскен скриншотты өз жазбасында қалдырған.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.