Блогтар мен пікірлер

Сайлауға қатысу – азаматтық міндет

Бүгінгі таңда елімізде халықтың әл-әуқатын арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Қазақстанның алдында ұлы мақсаттар тұр.

Елімізде әр азаматтың өз қабілетін іске асыруына барынша қолайлы жағдай жасалған. Қолынан іс келетін, қоғам ісіне белсене атсалыса алатын әрбір адамның жақсы өмір сүруіне, қолайлы мемлекетті құруға өз үлесін қосуына мүмкіндігі бар.

20 қараша күні кезектен тыс Президент сайлауы өтетіні жайлы Үндеу жарияланғалы бері мен де өз таңдауымды жасауға асықпын. Себебі мен ол күні тек өзімнің ғана емес тұтас елімнің болашағы айқындалатынын анық білемін. Ол күні мен әдеттегідей өз сайлау учаскеме барып, сайлаушылардың алдыңғы қатарында боламын.

Маңызды саяси науқан – Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға барша жұртты белсене қатысуға шақырамын. Бұл сайлау – әрбiр қазақстандықтарға үлкен жауапкершiлiк, азаматтық белсенділік жүктейді. Менсіз де сайлау өтеді деген кертартпа пікірден арылатын уақыт келді. Баршаңызды 20 қараша күні өтетін сайлауға белсенді қатысып өз таңдауларын жасауға шақырамын.

Мырзағали АЙТЖАНОВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.