Блогтар мен пікірлер

Тасмағамбетов үндеу жасады

Әскерилер мен полиция қызметкерлерінің отбасына көңіл айтты.

Мемлекет қайраткері Иманғали Тасмағамбетов елімізде болған террорлық әрекеттерге қатысты өз пікірін білдірді. Ол қаза тапқан әскерилер мен полиция қызметкерлерінің отбасына көңіл айтты.

Үндеу хатын Иманғали Тасмағамбетов Аbai.kz ақпараттық порталына жолдаған, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

 «Сөз жоқ, біздің ел ежелден еңбек пен ерлікті, жігер мен ерікті ту еткен текті халық. «Бас кеспек бар болса да, тіл кеспек жоқ» деп өз тілегін тілімен, сөзімен жеткізген жұрт. Сондықтан да бұл күндері кей өңірлерде басталған шерулер бейбіт сипатта, әділетті талаппен болды.

 Десе де, арнайы дайындалған арандатушылар мен содырлар жағдайды пайдаланып кетті. Салдарынан, «Тәуелсіздіктің тал бесігі» саналатын алып шаһарды қантөгістің алаңына айналдырды. Бұл жәй ғана қылмыс емес. Бұл жауыздық! Отанға, Тәуелсіздікке жасалған опасыздық! Қарапайым азаматтарымызға жасалған қатігездік!», — деді Иманғали Тасмағамбетов.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.3 / 5. Бағалар саны: 21

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.