Блогтар мен пікірлер

Танымал депутат: Парламент жаңарған Қазақстанға сай болу керек!

4.3
(9)
Парламент жаңарған Қазақстанға сай болу керек! Соңғы күндері депутаттарға орынды сын айтылуда. Мен, елімізде қалыптасқан ахуалға, Мәжіліс депутаты ретінде өзімнің де жауапкершілігімді мойындаймын – деп жазды белгілі депутат Берік Әбдіғали өзінің фейсбук парақшасында. 
Бізде бастысы табандылық жеткіліксіз. Мәжілістегі әріптестерім қаншама маңызды және өзекті мәселелер көтерді – сол бағасы өсіп бара жатқан азық-түлік, газ, жанармай туралы Үкіметке бірнеше рет талап қойды, жеке адамдардың банкроттық заң жобасында ұсыныды. Ал соны тыңдап жатқан Үкімет болмады, қойған сауалын қорғаған депутаттар да аз.
Тіпті кейбір депутаттық сауалдарымыз шешілмейтін бос ұрандарға айналып кетті.
Егерде сол қойылған мәселер бойынша Үкімет тиісті шаралар қабылдағанда кешегі қан-төгіс болмас па еді?! – деді Б.Әбдіғали өз жазбасында.
Қазіргі жағдайда Мәжіліске табандылық керек, депутаттардың көтерген нақты мәселелері мен қойған сұрағына Үкімет бір парақ қағазбен құтылмай, Парламентке келіп жауап берсін, шешу жолдарын айтсын.
Осыған байланысты Мәжілістің құзырын де-факто күшейтіп, Үкімет жұмысына, ұлттық компанияларға да бақылауын күшейту қажет!деген Берік Әбдіғалидың негізгі мамандығы тарихшы, ол жуырда ғана Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті болып сайланған еді. 
Сондай-ақ өз постын: Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаев жариялаған Саяси реформалар аясында Конституцияға да өзгерістер қарастыру керек. Мәжіліс депутаттарының бір бөлігі жеке округтерден де сайлану жолын қарастыру қажет. Қоғамдағы барлық белсенді және беделді саяси күштер мен тұлғалар Парламентке келу керек. Бұл алаңға шыққан отандастарымыздың бір талабы! Себебі, елдің талабы алаңдарда емес, Парламентте көтерілуі қажет. Бұл тұрақтылықтың бір кепілі. Ең бастысы – Парламент жаңарған Қазақстанға сай болу керек! – деген Б.Әбдіғалидың желідегі бұл жазбасы қызу талқыланған.
Аталмыш постқа 50-ге жуық адам пікір қалдырып, 20-ға жуық адам фейсбук парақшаларында бөліскен. 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.3 / 5. Бағалар саны: 9

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button