Блогтар мен пікірлер

Легионер кетті: қазақ елі тағы да ұтылды

 

Біз по-полный ұтылдық…деп күйінген танымал спорт журналисі Асылан Қаженовтің жанайқайын тиісті жерлер қашан қаперлеріне алады екен?

Нораны қазақ спортына әкелу үлкен қателік болды. Мен оны о баста көтеріп, алдын-ала дабыл қаққам. Бірақ, көпшілік пікірі екіге жарылды. Жарайды. Енді соның салдары қандай? – деген А.Қаженов:

“Нора мемлекетке 1 теңге де қайтармайды. Бұған дейін допингпен ұсталған спортшыларымыз ақшасын кері берген жоқ. Дәл солай бұл мәселе де жылы жабылады. Мәжбүрлегеннің өзінде «менде ештеңе жоқ» деп құтылады. Яғни, бұған дейін алған жалақысы, сыйақысы және әлем чемпионы болғаны үшін арнайы төлемдері ауаға кетті деген сөз. Мемлекет ұтылды” – дейді.

Оған қоса Нора Париж олимпиадасына қатыспайды. Ол допинг дауына дейін де белгілі болды. *Өйткені, апмның аяғы ауыр*. Яғни, осы қыз арқылы медаль алып, спортқа бөлінген миллиардттардың артын жабамыз деген үмітті өшірді. Министрлік ұтылды – деген Асылан Қаженов “Нора жастарымызға да ештеңе берген жоқ. Ол азаматтық ауыстырғанымен жаттығуын Кенияда өткізіп жүрді” – дейді.

Қазақстанда мүлде болмайтын. Ұлттық құрама мүшелері, оның ішінде өскелең толқын онымен бірге дайындалып, шеберлік шыңдай алмады. Қысқасы, қазақ спорты, оның артында бүкіл қазақ елі де ұтылды…- деп шырылдаған спорт журналисінің осындай жазбаларын “Еститін мемлекет” қашан естиді екен?

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.