Блогтар мен пікірлер

М.Тазабек: Ақордаға атақты блогерді спорттық киіммен кіргізіп, ресми ақпарат таратқыздық

Бір кезде көлікке тағатын әдемі нөмірлер жабайы жолмен иесін табатын.

“Елден ерекшеленіп қайтесің” деген сөзді ешкім ешкімге айтпай-ақ мемлекет араласып, жолға қойылды.

Иесінің де көңілі тоқ, қазынаға да қаражат түсіп жатыр.

Возможно, это изображение текст «7 VSV TA OK 050 VVV 50 BES 05 20007 AAA02 AIU KZ 777 AAA 02 KZ 005 KZ 555 SSS 5UT 05AA001 KZ 007 AAO VTA»

Фото: Мұхамеджан Тазабектің фейсбук парақшасынан алынды

Бір кезде “көк туға құрметім сол” деп деп, байрағымызды балконға ілген патриоттар сотталып кете жаздады.

Көпшіліктің пікірі ескеріліп, президенттің өзі араласып, ондай сезімге құрметпен қарау мәселесі басқаша пайымдала бастады.

Бұрындары көлденең адам галстуксыз кірмейтін Ақ ордаға түнеугүні атақты блогерді спорттық киіммен кіргізіп, ресми ақпарат таратқыздық.

Возможно, это изображение 1 человек и в помещении

Фото: Мұхамеджан Тазабектің фейсбук парақшасынан алынды

Оны көріп отырып, қазіргі уақытта қатып қалған қасаң тәртіпті ұстану емес, ел-жұрттың күнделікті киіну мәдениетімен санасу маңызды боп жатыр ғой деп, тұспалдадық.

Орамал тартқысы келген бірлі-жарым жоғарғы сынып оқушыларының да талабы бір күндері орындалар.

Қиыннан жол тапқыш, қаласа киіз қазықты тоқпақсыз жерге кіргізетін жоғарыдағылар оның да жолын табар.

Ақыр шешілуі керек мәселе болса, елді екіге жарып қырылыстырмай, онсыз да онға бөлініп, орға жығылудың алдында тұрған қоғамды бір жақты қылған дұрыс шығар.

Заман ауысады, заң да өзгереді, мұсылман да өледі, мұсылман емес те кетеді…

Орамалды қолдаған да мәңгілік емес, қарсы болған да қалмайды.

Ататүрік те кеткен, Ердоғанның келетінін де ешкім білген жоқ…

Назарбаев дәуірі де аяқталды, ата заң өгереді деп те ойламағандар да көп…

Иман, ислам, намаз, ораза, қажылық, орамал – олар қиаметке дейін қалады ғой…

Қалмайтындар қалатын нәрсеге қиянат қылмаған дұрыс қой…

Сөзді бұрмалап, адасқандарды сылтауға сынық қылмай, болатын нәрсенің тоқтайтын жеріне тоқайласу керек қой…!

Мұхамеджан ТАЗАБЕКТІҢ фейсбук әлеуметтік желісіндегі жазбасы

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.