Блогтар мен пікірлер

Тағы бір қазақ қызы араб жігітінің қалыңдығы атанды

Тағы бір қазақ қызы араб жігітінің қалыңдығы атанды

Атышулы “Қалаулым” жобасына қатысып, қалың көпшілікке танылған Дина Төкенова есімді ару жақында тұрмысқа шықпақ.

Бағдарламада жолы болмаған бойжеткен сүйіктісін шын өмірде жолықтырған. Оның таңдауы араб жігітіне түсіпті, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы altyn-orda.kz сайтына сілтеме жасап

Ол сүйіктісінің өзіне ұсыныс жасаған видеосын жеке инстаграм парақшасында бөлісті. Ер адам оған Дубай қаласындағы биік ғимараттардың бірінде үйленуге ұсыныс жасаған.

Жігіт тізерлеп отырып, ғашығына сақинаны ұсынды. Бойжеткен көп ойланбастан оған “иә” деп жауап берген. Қос ғашықтың әсерлі видеосы бірден желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Қалың көпшілік қазақ аруының таңдауы кімге түскенін біле алмай әлек болды. Дина Төкенова өзіне сансыз сұрақтар келіп түскеннен кейін, оларға жауап беруді жөн көрген. Ол жігітінің ұлтына қатысты түрлі болжамдарға нүкте қойды. Бойжеткен араб азаматының қалыңдығы болғанын жасырмады.

“Ал ең қатты мазалап жатқан сұрақтарыңызға жауып берейін. Ұлты – араб! Ешқандай шал емес. Шалдар бұлай билей алмайды. Одан кейін айтарым, ол – бай емес. Дина ақша үшін шығып жатыр, байып кетеді деп уайымдамай-ақ қойыңыздар. Арамызда байлықтан да қымбат – махаббат бар”, – деді ол.

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.