Блогтар мен пікірлер

Композитор керек! Белгілі ақын қаңтар қасіретіне ән арнады

Сіздер де шыдай алмайсыздар!

Қадірлі композиторлар, осы уақытқа дейін өлеңіме бір ән жазыңыздаршы деп біреуіңізге өтініп көрмеппін! Нақақтан-нақақ азапталып жатқан бауырларымның дауысы мені ұйықтатпады!

Шаш ал десе, бас алатын биліктің жандайшаптары қаншама кінәсіз қарапайым адамдарды қинап жатыр. Мен оған шыдамаймын! – деп танымал ақын Бауыржан Қарағызұлы өзінің фейсбук парақшасына жазды.

Сіздер де шыдай алмайсыздар!

Білемін!

Өтінішім, осы өлеңіме ән жазыңыздар! Ел ішінде намысты небір таланттар бар ғой, айтуға арланбас, аранжировкасының ақысын өзім төлеймін! ( Қолдау көрсетемін дегендер жекеме шықсын) Ең жақсы әуен, ел жадында қалатынына сенемін!

Ал кеттік! – деген Б.Қарағызұлы келесідей өлең жолдарын шығарған.

Қаралы қаңтар

(әнге арналған мәтін)

Қаралы қаңтар емес, жан қаралы,

ашуым, өртке орады, бар қаланы.

Сөзіңнен атылған оқ — тиді бізге,

көзінен қазағымның қан тамады!

Қаралы қаңтар емес, ел қаралы,

қиянат тағдырымды балталады.

Қазақтың хақысы бар, билігіңде,

Ашуым әлі менің тарқамады!

Қайырмасы:

Қан жұтқан қайран елді ойлайсың ба?

Тағы да қасіретімді тойлайсың ба?

Алдадың, тағы отыз жыл, алдайсың ба?

Болды ғой, жетер, жетер, қоймайсың ба?!

Болды ғой, жертер, жетер тоймайсың ба?

Байлыққа басы айналған кландардың,

жолына неге қарсы тұралмадың?!

Қаңтардың қабағынан қан тамшылап,

Ұртыңда ұлып қалды ұрандардың!

Қайдасың? Қайда қалдың, дін аманда?

Аспаннан қаралы күн құлағанда?

Көк Туын қолына алып жас қазағым,

Ақырып әділетін сұрағанда?

Қайырмасы:

Қан жұтқан қайран елді ойлайсың ба?

Тағы да қасіретімді тойлайсың ба?

Алдадың, тағы отыз жыл, алдайсың ба?

Болды ғой, жетер, жетер, қоймайсың ба?!

Болды ғой, жертер, жетер тоймайсың ба?

 

Бауыржан ҚАРАҒЫЗҰЛЫ

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 14

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.