Блогтар мен пікірлер

Асқар Жұмаділдаев Тоқаевпен тақтаға шығып сөз таластырған

2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент болғаннан кейін академик Асқар Жұмаділдаевты Ақордаға қабылдауына шақырған. Шақыру мен кездесудің қалай өрбігені жөнінде ғалым Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұхбатында әңгімелеп берді деп newsroom.kz хабарлайды.

«Ақордадан тез жетуімді сұрап адамдар хабарласты. Не мақсатпен шақырылғанымды білмейді екен. «Жарайды, бірақ Ақордада бормен, фламастермен жазатын тақта болсын» дедім. «Жоқ» деді. «Онда тақта болмаса бармаймын» деп едім, ертесіне «тауып қойдық» деп қайта хабарласты. Содан Ақордаға келдім, Президентпен амандастық та мен бірден тақтаға шықтым, ол да тақтаға шықты. Талқылау латын әліпбиі туралы болды», – деді А.Жұмаділдаев.

Тоқаев ғалымның әліпби туралы мақалаларының бәрін оқып шығыпты.

«Президент кездесуге дайындалыпты. Халықпен кездесу үшін тыңғылықты дайындалған басшыны бірінші рет көрдім. Көп басшылармен кездессең диалог емес, монолог болады. Назарбаев та монологты жақсы көруші еді, бала сияқты тыңдап отырасыз. Ал Тоқаевпен пайдалы диалог болды, материалдың бәрін зерттеп, терең ұққан. Содан сызып көрсетіп, анадан-мынадан мысал келтіріп жатты. Сөйтіп «Асқар мынауың дұрыс екен, латын әліпбиіне өз нұсқаңызды жасап, жариялаңыз» деп айтты Президент», – деп жалғастырды ғалым.

Алайда Жұмаділдаев Президент тапсырмасын орындай алмапты.

«Өкінішке қарай, мен Президент тапсырмасын орындай алмадым. Латиницада алфавит құрастыра алмадым. Себебі мен алдында латиницаға көшсек, бәрі дұрыс болып кетеді деп ойлап едім. Ондағы менің түпкі мақсатым басқа еді. Дәлірек айтсақ, өзгертетін нәрсе алфавит қана емес, клавиатура. Қазір қазақтың әріптері цифрларға қосарланып тұр. 4-ті бассаң «ң», 5-ті бассаң «ғ» шығады. Онымен әңгіме жаза аласың, бірақ дебит,кредит жаза алмайсың. Банкке барсаң да қазақ тілімен осы проблема алдыңыздан шығады. Мәселе клавиатурада. Сөйтіп менде латиницаға өтіп, клавиатураны сонымен бірге өзгертіп жібереміз деген ой болды. Соңғы 3 жылымды осыған арнадым. Жасай алмадым. Қатемді мойындаймын» – деді ол.

Шығарылымның толық нұсқасы төмендегі сілтемеде

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.2 / 5. Бағалар саны: 13

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.