Блогтар мен пікірлер

Кредит қысып кетті: әйелі мен әпкесін Кореяға жіберген қазақ

Кәріс шекарашылары кеденнен қайтарып жіберген.

Қазір шетелге жұмысқа кетіп жатқан қаракөздеріміздің саны күрт артқандай…? Бұрындары гастербайтер, «нелегал жұмысшы» дегенді интернеттен оқып, жаңалықтардан көретін қазақ баласы қазір күнкөріс үшін қыр асып, қиыр жайлауда. 

Сондай азаматтарымыздың бірі – еліміздің күнгей аймақтарының бірінен елордаға келіп, такси болып нәпақасын тауып жүрген У есімді азамат әйелі менен әпкесін Оңтүстік Кореяға қара жұмыс істеуге жіберген деп жазады онымен кездейсоқ тілдескен newsroom.kz тілшісі.

Оның айтуынша Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында 30 күнге дейін визасыз жүре беру келісімі рәсімделген соң, турист кейпінде барып Сеулдың маңындағы елдімекендердің бірінде қара жұмыс істеуге қалып кеткен. 2 жылдай кәсіп қылып, ауылдағы үйін жөндеп, әкесіне көлік әперіп, артындағы інісін үйлендіріп, құдалығына жетер ақша тапқан соң елге оралған. Елде аунап-қунап Оңтүстік Кореяға қайта кірмек болған оны кәріс шекарашылары кеденнен қайтарып, паспортына депорт деген таңбаны басып жіберген.

Содан бері Оңтүстік Кореяға кіре алмай жүрмін деген ол, күнкөріс үшін әйелі мен әпкесін жіберген. Қазір Пусан жақтағы қалашықтардың бірінде екеуі кафелердің бірінде ыдыс жуады, одан қалса жылыжайлардың біріне барып қосымша кәсіп етеді. Ауылдағы 50-60 мың айлықты бір-екі күнде табады деген У ауылдағы құрдастары мен көршілері – қатының Кореяда не істеп жүр? Әпкеңді аямайсың ба? Ақшадан өлген екенсіңдер? – деген сөздерден соң, шиеттей 5 баланы кәрі әке-шешеме тастап астанаға тартып отырған.

Заман қиын болып кетті деген У қазір әйелі мен әпкесі жіберген ақшаға бастапқы жарнасын құйып салоннан несиеге көлік алып адам тасып ақша тауып жүрген көрінеді. Бұған да шүкір, тәубе – деп отырған ол көлік салондарында сатып алатын машина бар кезде алғаным қандай жақсы болған, қазір елде көлік те қалмады ғой – деп ағынан жарылды. 

 

Жазып алған,

Қоңырақын ҚАРАБАЙ 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.8 / 5. Бағалар саны: 12

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.