Блогтар мен пікірлер

«Солтүстікке көш бағдарламасы ірі қалалардағы протестік топтарды шалғайға жер аударып жібергендей» – журналист

«Оңтүстіктен – солүстікке көш» мемлекеттік бағдарламасын зерттеген журналист, теріскейдегі қазақтардың санын туу көрсеткішін арттыру арқылы шешуді ұсынды. «Сұрауы бар» YouTube арнасында болған подкастта журналист теріскейдің проблемасын шешу үшін ешқандай мемлекеттік бағдарламаның керегі жоқ деп айтқанын newsroom.kz хабарлайды.

«Солтүстіктегі халықтың туу көрсеткішін ынталандыру ретінде ақша беріп неге көтермеске? Ол үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама дайындаудың да қажеті жоқ. 4 баладан артық тудың ба, әр балаға 100 мың теңгеден бер», – дейді журналист Азамат Алдоңғар. Сонда шекараға жақын өңірлердегі халықтың азаю сап тыйылады дейді ол. Тығыз орналасқан облыстардағы көпбалалы отбасылар мемлекеттің қолдауынсыз-ақ теріскейге көшеді дейді журналист.

Алайда, мемлекеттік бағдарламаның сәтсіздігінен кейін «Бала-шағамен солтүстікке» жобасын қолға алған Дәулет Мұқаев, бұл ұсыныс басқа бір проблеманы тудыруы мүмкін деп есептейді.

«Орыстар да 4-5 баладан топырлатып туып жатса, өзге ұлтты тағы көтеріп аламыз. Мәселе осында. Бірақ басқаша жасауға болады. Үкіметтен берілетін атаулы әлеуметтік көмекті, яғни көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақыны көшіп баратын 5 облыста 20-25%-ке арттыру қажет. Сонда сол жердегі халықтың да өкпе-реніші басылар еді», – дейді Дәулет Мұқаев.

Еске салсақ, «Dauletten» қайырымдылық қорының жетекшісі Дәулет Мұқаев Вице-премьер Ералы Тоғжановпен болған кездесуден кейін, өз қоры арқылы алғашқы бес отбасын солтүстікке көшірген. Алайда ол үшін мемлекеттен бір тиын ақша алған жоқпыз дейді белсенді. Подкаст барысында мемлекет өз міндетін қайырымдылық қорға ысыра салды ма деген орынды сұрақ көтерілді.

Подкастың толық нұсқасын төмендегі сілтемеденкөруге болады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.