Блогтар мен пікірлер

«Ақылға қонымды нәрсе» – санатор Дана Нұржігіт 3 жылдық бюджеттен бас тартып, бір жылдыққа көшу ұсынысын қолдады

3 жылдық бюджеттік жоспарлаудан бас тартып, бір жылдық есепке көшкен дұрыс. Әсіресе, мемлекет ақшасына ауыз салатындардың қарасы сейілмей тұрған шақта. «Сұрауы бар» YouTube арнасының подкастына қатысқан сенатор Дана Нұржігіт осылай деп, Есеп комитеті төрайымының ұсынысын қолдайтынын айтқаның newsroom.kz хабарлайды.

«Бүгінгі жастар айтпақшы реал жағдай мынадай. Қазір 3 жылдық бюджетке шықтық қой. 3 жылдың өзі көп деп отыр Наталья Годунова. Бір жылдық бюджет құрғанымыз дұрыс. Өйткені өмір күнде ауысып жатыр. 3 жылдық бюджетке қарап отырсақ, біз бірінші жылына бақылау жасай алады екенбіз де, қалған 2 жылы аздау құйған сорпа сияқты табақтың түбінде қалып қояды. Ол ақшаның қайда кеткенін білмей, аяғында ысырап болып, басталған жобаның соңын көрмейміз, я қаржының нақты қайда кеткенін есептей алмаймыз. Қысқаша айтқанда, құйрығын ұстай алмай қаламыз әлгі түлкінің. Сондықтан адамнан айла арылған ба, арамызда әлі жемқорлар бар», – дейді сенатор.

20 маусымда өткен қос палатаның біріккен отырысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова 3 жылдық бюджеттен бастартып, бір жылдыққа көшуды ұсынған.

«Құйған ақшаның орта жолда кімнің қалтасына түсіп жатқанын Антикор тексеріп жатыр. Бірақ ақша жетпегеннен кейін, нәтиже күткен дүниелердің бәрі көз алдымызға нақты жоба болып шықпағаннан кейін біз бюджетті қалай басқарып отырғанымызды, ақшаны қалай жұмсап жатқанымызды көру үшін Годунованың ұсынған бір жылдық бюджетті жасау дұрыс шығар дегені ақылға қонымды нәрсе. Соның шағын моделін «Бала-шағамен солтүстікке» жобасынан көріп отырмыз», – дейді сенатор.

Сәуір айында «Dauletten» қайырымдылық қорының бастамасымен СҚО-ның Шал ақын ауданына оңтүстіктен 5 отбасын көшірген болатын.

Бұл сұхбаттың толық нұсқасын «Сұрауы бар» YouTube арнасынан көруге болады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.