Блогтар мен пікірлер

Халықаралық бағдарламалар орталығы 17 жасқа толды!

Бүгін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның құрылғанына 17 жыл толып отыр.

Атаулы мерейтой болмаса да, өте маңызды меже болып саналады. Қазіргі уақытта біздің командада әлемнің 29 елінде 1000-нан астам «Болашақ» стипендиаттары үшін академиялық оқу мен тағылымдамадан өтуге ықпал жасайтын 80-ге жуық қызметкер жұмыс істейді деп жазды аталмыш АҚ Президенті Әнуар Жанғозин өзінің фейсбук парақшасында. 

Олар 3000-ға жуық түлектердің еңбекпен өтеу бойынша міндеттемелерінің орындалуын қадағалап, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі. Небәрі 17 жыл ішінде Орталық Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында жұмыс істейтін 10 мыңнан астам жоғары білікті мамандарды дайындады – деген ол келесідей пост мәтінін жариялады.

Халықаралық бағдарламалар орталығына басшылық қызметке келгеніме бүгін тура 70 күн толып отыр. Осы уақыт аралығында не істелді? Аралық есеп беріп, алдағы жоспарлар туралы қысқаша айтып өткенді жөн көрдім.

  1. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау үдерісі басталды. Инженерлік-техникалық мамандарды даярлауға баса назар аударылуда. Техникалық және IT мамандықтары бойынша гранттар саны артты. Биыл шетелдік жоғары оқу орындарында оқуға арналған басым мамандықтар тізіміне инновациялар, жаңа технологиялар, медицина және өнеркәсіптік инженерия, жаратылыстану ғылымдары саласындағы ең өзекті мамандықтар енді. Ең үздік халықаралық рейтингтерге енген 23 шетелдік техникалық университті тізімге енгізу жұмыстары жүргізілуде.
  2. Қазіргі уақытта «Болашақ» стипендиясына конкурстық іріктеу ережелері жетілдірілуде. Магистратура мен докторантурада оқитын инженерлік-техникалық мамандарға жеке басым санат беріледі деп күтілуде. Олар үшін IELTS аясында шет тілін білу талабы 9,0 баллдың 5,0 деңгейінде белгіленеді. Сонымен қатар, стипендиаттар бір жыл тілдік дайындық курсынан өте алады.
  3. Жақын арада «Болашақ» стипендиясын қоса қаржыландыру тетігін енгізу жоспарлануда. Үздік шетелдік университетте оқуға үшінші тараптың (университет, жұмыс беруші, демеуші) гранты болса, «Болашақ» стипендиясы екі жаққа бағытта жол жүру шығынын, визаларды рәсімдеу алымдарын, медициналық сақтандыруды, ай сайынғы шәкіртақы мен оқу материалдарын сатып алу үшін жәрдемақыны өтейді. Бұл жағдайда міндетті еңбекпен өтеу бойынша міндеттеме 1 жылға қысқарады.
  4. Орталық сонымен қатар білім беру құнын төмендету тұрғысынан университеттермен серіктестікті нығайту бағытында жұмыс жасауда. Қазірдің өзінде барлық оқу мерзіміне 10 пайыздан 20 пайызға дейін жеңілдіктер беретін 13 шетелдік университетпен тиісті келісім жасалып, 250 миллион теңгеден астам қаржы үнемделді.
  5. Біздің Орталық үшін ерекше маңызды бағыт – үкіметаралық гранттарды жүзеге асыру. Биыл мемлекетаралық гранттарға конкурстық іріктеу ережелері жетілдіріліп, ауылдық елдімекендерден шыққан үміткерлер үшін де жеңілдіктер енгізілді. Сондай-ақ, біздің бастамамыз бойынша мемлекетаралық гранттар бойынша білім алған түлектер үшін міндетті еңбекпен өтеу бойынша міндеттеме уақыты 3 жылдан 1 жылға дейін қысқартылды.

Ұжымға сапалы жұмыс, кәсібилік пен жауапкершілік үшін алғыс айтқым келеді. Алдағы жобаларымызға сәттілік тілеймін!

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.