Блогтар мен пікірлер

Қалың қалай қазақ сарбазы?

Қалың қалай сарбаз?
Тырп етпесең орныңнан кім ереді соңыңнан? Биыл тырп етпей жатыр едім . Киношник жігіттер әскери өмірге арналған телесериал түсіреміз, көмегіңіз қажет деген соң бірден атқа қондым. Көрпемізге қарай көсіліп, шама-шарқымызға сай шаруамызды бір рептке келтірдік. 10-нан астам әскери бөлім орналасқан әскери гарнизонды емін-еркін аралап сарбаздар сапында жүрген жас жігіттермен біраз сырластым
. «Әскерге не үшін келдіңдер?» десем. Бәрі бір ауыздан » военный билет үшін» деп жауап берді. Оңаша отырған бір сарбаздан» Қалың қалай, сарбаз» деп сұрағаным сол еді.» Өте нашар» деген жауапты бұрқ еткізді. Айтқан уәжі «Интернеттегі инстаграмда пәленбай подписчигім бар, жұлдыз едім соның бәрі құрдымға кетті. Мында түк қызық емес»
Бір сарбаз телефонымды сұрап алып мамасына звандады. Сондағы анасына айтқаны » Мама, я больше не могу забери меня отсюда «болды.
Ортаға дедовшина, ақша жайлы сауал тастадым. Бәріміз көктемгі бір призывтанбыз, әлімжетік деген мұнда атымен жоқ» деген жауапты алдым. Ал , ақша мәселесі шынында ойландырып тастады. Сарбаздардың айына алатын ақшасы 5300 тенге. Сол құрғыр солдатский чпоктан анау-мынауды ішіп – жеуге жетпейді екен. Содан амалсыз достарына , кластастарына, ағайындарына ақаша сал деп звандайды. Ол ақшаның бәрі солдатский чпоктағы сатушының телефонындағы каспий голдқа түседі. ОЛ кісінің бухгалтериясы мықты. Кімге қанша түсті, ол қаншасын жаратты түгел есепте. ОБХСС келіп тексерсе де ши шықпайды.
Мен осы аралықта бір сарбаздың анасы бір айда төрт рет келіп кеткеніне куә болдым. Баласы аш жатқандай тамақ тасумен жүр. Сол кісіні сарбаздар асханасына апарып күніне үш мезгіл ішетін тамақтардың рационын көрсеттім. Әлгі кісінің айтқаны «менің баламның асқазанына мұндай тамақтар жақпайды, ауырып қалуы мүмкін» болды.
Балаларын қатты уайымдайтын ата -аналар казармада бір-екі күн жатып шықса , балаларының қалай есейіп жатқанын көзімен көрсе өте дұрыс болар еді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.