Блогтар мен пікірлер

Үлкен ағалар ұнайды: елордалық сұлудың сыры

Бірақ бәрібір де үлкен ағалар маған неге ұнай беретінін әлі түсінбей келемін…

Еліміздің бас қаласына алыс облыстардың біріндегі ауданнан келдім. Әке-шешем әлі ауылда тұрады.

Кеңес кезеңінде қой баққан әкей әулеттен ұзап шыққысы келмей атамыздан қалған қара шаңырақ деп қалып қойған. Біз үйде бес ағайындымыз. Мен үйдің үлкенімін.

Мектеп бітіре сала қалаға кетуге асықтым. Қызығы жоқ, жұмысы көп ауылда тұру мен үшін азап еді. Қаланың қызыл-жасыл өмірі тартатын да тұратын. Әлі есімде әр оқу жылы басталар кез мен үшін мереке болатын. Жан анам қалаға апарып киім әперетін сәтті әр жыл асығып күтетінмін. Содан ба, қалаға кетем деген берік мақсат көз алдымда тұрды. Көптен күткен күн келіп, елордадағы жекеменшік оқулардың біріне ақылы түсіп, мені оқуға әкелген шешем ауылға қайтқалы қаланың өмірі мені өзіне тарта берді.

Ауылдың дым көрмеген аңқау қызы деп қаланың қулары мені басында айналдырып бақты. Бір-екеуіне алдандым да. Сосын тәжірибие жинай келе қуаяқ жас жігіттерден пайда жоғын ұқтым. Құр кафеге, киноаға апарып, артынан төсекке сүйрейтін суаяқтардың ізіне су құйып, қалтасы қалың, төсекте де сылбыр жігіт ағаларынан пайда мол екенін байқадым. Содан бері 2-3 ағаның көңілін тауып келемін. Бір-бірін білмейді. Әлі үйім жоқ. Көлік мәселесін баяғыда шешіп алдым. Енді тек үй алсам бәрін қойып, тұрмысқа шығып балалы болсам деймін.

Бірақ бәрібір де үлкен ағалар маған неге ұнай беретінін әлі түсінбей келемін…

 

Ардиана,

Нұр-Сұлтан қаласы, 1 наурыз

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.