Байқау

«Ең қысқа әңгіме» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды

4.3
(6)

Newsroom.kz порталы бір ай бұрын шынайы өмірден алынған оқиға желісіне құрылған «ең қысқа әңгіме» байқауын жариялаған болатын. Аталған байқау бойынша жеңімпаздар анықталды.

Конкурс шарты бойынша дауыс беру, пікір саны, көрілім сандарының және әңгіменің мән-мағынасы ескеріле отырып, төмендегі қатысушылар жеңімпаз атанды.

ІІІ орын. Айсауле Кожахметовна: «Маяки безмятежности». 124 дауыс, 377 көрілім.

ІІ оры. Сафина Ақтай: Кемпір. 341 дауыс, 1204 көрілім.

І орын. Нұршат Ерсайын: Қайыршы. 171 дауыс, 1581 көрілім. (Аталған шығарманың дауыс беру нәтижесі аз болғанымен, шығарманың өмірден алынғаны әрі ең қысқа әңгіме талабына сай болуында).

Байқау жеңімпаздарына І, ІІ және ІІІ дәрежелі диплом беріледі;

І орын: 50 000 теңгелік Меломан кітап дүкеніне сертификат
ІІ орын: 30 000 теңгелік Меломан кітап дүкеніне сертификат
ІІІ орын: 20 000 теңгелік Меломан кітап дүкеніне сертификат

Айта кету керек, байқауға барлығы 50-ге жуық әңгіме келіп түсті, алайда олардың ішінде тек нақты талапты орындағандар және сайт бетіне жарияланғандары – 12.

10 еңбек қазақ тілінде, 2 еңбек орыс тілінде жарияланды.

Алдағы уақытта бұл конкурс дәстүрлі түрде жалғасын табады және қатысушыларға белсене қатысып, жеңімпаз атануларына тілектеспіз.

Жеңімпаздарды редакция атынан жеңісімен құттықтаймыз. Шығармашылық табыс тілейміз!

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.3 / 5. Бағалар саны: 6

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бір пікір

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button