Байқау

Махаббат мәңгі ертегі

4.7
(208)

Оспанбаев Жандос Аманжолұлы, 1987 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Тескенсу ауылында дүниеге келген.

Жандос Аманжолұлының туған жер, тіл, махаббат, қоғамдық тақырыптарға жазылған 50-ге тарта өлеңдері, 1 әңгімесі және 10-ға жуық афоризмдері бар. Бірқатар өлеңдері «Түркі әлемі» халықаралық газетінде, «Ұлт болмысы» республикалық журналында жарық көрген.

Махаббат мәңгі ертегі

Олардың таныстықтары университеттің оқу залында кездейсоқ болған еді. Танысқандарына көп уақыт бола қоймаса да, Арман Ажарды ұнатып үлгерген еді. Арманның бойында мұндай сезімнің орын алуы да тегін емес, Ажардың атты адам түсіп, жаяу адам тоқтап қараса да көз тоймас көркі мен, сол көркіне ақылы сай даналығы көрген жанды тәнті етпей қоймайтын еді…

Иә, студенттің өмірін театрсыз елестетуге әсте болмайды. Сондай күндердің бірінде Арман М. Әуезов театрына екі билет алды. Бар ойы қойылымға Ажарды шақырып, ақ, адал сезімін білдіру. Билетті екі-үш күн бұрын алған еді, ол күн де келіп жетті. Сабаққа барар жолда Ажарды бүгін кешке театрға шақырмақ ниетпен оның номерін тере бастады. 8701…. Әңгіме соңында Арман Ажарды сағат алтыда театрдың алдында күтетін болып келісті.

Сағат тілі кешкі алтыны көрсеткенде театрдың алдында болам деп уәде еткен Арман Тимирязев көшесі мен Есентай өзенінің қиылысында тұрған болатын. Кешігетін түрі бар. Кенет телефон қоңырауы шыр ете қалды. Ажар екен. Арманның үстінен біреу мұздай су құйып жібергендей болды. Енді ше, күтем деп, күттіріп қойса….

Арман театрға жеткенде қойылым басталғанына он минут болған еді. Кіреберісте Ажарға алған гүлін ұсынып, театр залына артқы есіктен кіріп, бос орындарға жайғасты. Көп ұзамай, қойылым да аяқталды. Әкемтеатрда алғаш қойылған У. Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» атты махаббат трагедиясы асқан шығармашылық шеберлікпен сахналанды.

Қойылымнан кейін, әлі ыстығы басылмаған қойылымдағы қос ғашықтың өз махаббаты үшін күресі туралы ой шертіп, Абай даңғылының ортасындағы гүлзармен Ажардың үйіне қарай аяңдады. Мәңгілік махаббатты әңгімеге арқау еткен екеу Ажардың үйіне келіп жеткендерін де байқамай қалыпты.

Сонымен жүрек қылын шертер сәт те келіп қалды. Подъездің алдында Арман Ажардың қолын ұстап тұрып, талайдан бері оқталып жүрген жан сырын ақтарып, ақ сезімін жеткізді. Ажар да жүрегінің түбінде Арманға деген шынайы сезімінің бар екендігін сезгенімен қазақ қызына тән ұстамдылық танытып, үнсіз ғана басын изеп, келіскендей болды. Ажардың Арманның сезіміне осылай жауап беруі өз сезімін білдірудің қызға тән  жалғыз ғана ілтипатты жолы болатын.

Осылайша, қос ғашықтың махаббат хикаясы басталып, екеуі қол ұстасып, өздерін табыстырған театр маңында ұзақ қыдыруды шығарды. Осы жерде тұрып, екеуі махаббатқа адал болып, өле-өлгенше бірге болуға және Джульеттаны іздеп келіп серенада айтқан Веронадағы үйді өз көздерімен көруге серт берді. Осылайша, Ромео мен Джульетта өздері бірге бола алмаса да, махаббаттың ұлы сезім және ұлы күш екенін тағы бір жұпқа дәлелдеп берді….

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.7 / 5. Бағалар саны: 208

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

7 Пікірлер

  1. Махаббатты «көзбен көріп, іштей сезген» жұптардың жүрек қылын шертетін сезімдерін дәл жеткізген, ию-қиюы сан алуан кестенің келбетіндей, тіпті кейде өзің ұғып білмейтін сырлы әлемді жырлағандай әсер қалдыратын туынды екен.

  2. Махаббат-Аллаһтың адамға берген керемет сыйлықтардың біреуі. Осы сезімге адал болып, оны сақтау-өте қиын нәрсе. Шын сүйгендердің қосылуы өте сирек кездесетін жағдай. Қазіргі кезде адамдар махаббаттың қадырын бағаламайды, материалдық құндылықтарға көп мән береді. Әрине ол да керек. Бірақ махаббатсыз жанұяны сақтау қиын. Енді Жандос Аманжолұлынан осы керемет жазылған махабаттың жалғасын жазуын сұраймыз…

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button