Ауа райы

«Бесқонақ»: Қарағанды облысында қалың қар жауып тұр (ВИДЕО)

Қарағанды

Белгілі блогер Дәулет Мұқаев Instagram-дағы парақшасына бүгін Қарағанды жақта қар жауып тұрғанын түсірген видеоны жариялады деп хабарлады newsroom.kz порталы.

«Түркістан облысын су басса, Қарағанды облысы қардың астында қалды. Табиғаттың тосын сыйы. Сіздердің өңірлеріңізде ауа-райы қалай қазір?» деп жазды ол видео астына.

Оны көрген қарағандылықтар ауа райының бұл құбылысы өңірдің Шет ауданында, Ақадыр стансасында болғанын айтты.

«Кеше Маңғыстау облысында, Ақтау қаласында жұрт теңіз жағасына жиналып, тасаттық беріп еді. Малды Қарағанды мен Қазығұрттан алдырып сойған болды ғой. Мына жаңбыр мен қардың сол жақтарға жауғанына қарап айтып отырмын. Маңғыстауда топырақ жауып жатыр», – деп қалжыңдады тағы бір желі қолданушы.

«Бесқонақ» амалының бір жерге ерте, бір жерге кеш жететінін ескерсек, кеше Түркістан жақтағы ауылдардың селдің астында қалғаны мен Маңғыстау облысының қайтадан қуаңшылыққа ұшырауына, міне, бүгін Қарағанды өңіріне жапалақтап жауған қар қосылып отыр. Қазақстанның әр өңірі Африка, Антарктида дегендей, жеке бір-бір құрлық сияқты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 🇰🇿ҚАЗАҚТЫҢ ДӘУЛЕТІ🇰🇿 (@dauletten_resmi_rezerv)

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.