Әлем

Лукашенко Қазақстандағы тәртіпсіздіктер үшін Польшаны айыптады

Беларусь президенті Александр Лукашенко Польшаны жылдар бойы ТМД елдеріндегі радикалды оппозицияны ресурстармен қамтамасыз етіп келгенін және Қазақстандағы бүлікте де қалыс қалмағанын айтып айыптады

Newsroom.kz порталы – Беларусь президенті Александр Лукашенко Польшаны жылдар бойы ТМД елдеріндегі радикалды оппозицияны ресурстармен қамтамасыз етіп келгенін және Қазақстандағы бүлікте де қалыс қалмағанын айтып айыптады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап

Саясаткер әр түрлі мемлекеттердегі тәртіпсіздіктердің артында Варшаваның тұрғандығын жеткізді және олардың барлық жағдайда да қаржылық, техникалық инфрақұрылымдық жоспардың дайындап қойғанын айтты.

“Ресейге іріткі салды. Жау деп тапты. Алайда Ресейді жеңбей тұрып Белорусь мемлекетін баса алмайды. Бірақ оларға Қазақстаннан не керек?”, – деп мәлімдеді Лукашенко.

Ол Польшаның бұл әрекетін 2020 жылы болған наразылық басып тасталғаны үшін кек алуға бағытталған деп түйіп, олардың билігінің іштей Беларусь жерлеріне көз тігетінін жеткізді.

“Бірақ ең үлкен қорқыныш бұл емес.Варшава мемлекетті бұрын-соңды болмаған милитаризациялауды жүзеге асырды», – деді президент. Алайда ол Қазақстандағы тәртіпсіздіктерге поляктардың қатысы бар екеніне нақты дәлел келтірген жоқ.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.